ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

АУҒАНСТАННАН ЖЕМІС-ЖИДЕК ТАСЫМАЛДАНАДЫ

17:55, 12 шілде 2019

Ауғанстаннан жеміс жидек пен көкөніс тасымалданады. Ал Солтүстік Қазақстаннан шет елге экспортталатын ұн мен бидай көлемі арта түспек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ауғанстан елшісі Мұхаммад Фархат Азимимен кездесіп, өзара ынтымақтастық әңгіме арқауына айналды.

Ауғаныстан мен Солтүстік Қазақстан арасындағы сауда саттық қатынастардың орнағанына он жылдан асқан. Содан бері екі жақты тауар айналымы жолға қойылып, жыл сайын өңірімізден үлкен көлемде ұн мен бидай, сондай – ақ майлы дақылдар тасымалданады. Қонақтармен кездесу барысында облыс әкімі Ауғаныстан біздің аймақ үшін сыртқы нарықтағы сенімді серік, арадағы қатынас екі жақа да өте тиімді екенін атап өтті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ , СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ауғаныстан елі  біздің өнімдерімізді экспорттайтын ең басты серектесіміз. Өңірімізде өндірілетін өнімнің 28 процентін осы мемлекетке тасымалдаймыз. Енді біз сіздерге тек шикі зат ғана емес, сондай – ақ дайын өнімдерді ұсйынғымыз келеді

2018 жылдың қорытындысы бойынша Ауғаныстан мен СҚО  арасындағы сауда – ымы 520,6 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдарға қарағанда біршама өскен. Өз кезегінде Қазақстандағы Ауғаныстанның төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммад Фархат Азими де екі жақты әріптестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Оның айтуынша ауғаныстандық көптеген компаниялар мен кәсіпкерлер өңірімізбен алыс беріс орнатуға үлкен қызығушылық танытып отыр.

МОХАММАД ФАРХАД АЗИМИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУҒАНСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

СҚО біздің еліміздің кәсіпкерлері мен бизнесмендерінің үлкен қызығушылықтарын ТУДЫРЫП отыр. Біз мұнда Ауғаныстан Президентінің тапысрмасымен келіп отырмыз. Өйткені екі жақты сауда – саттық қатынастар мен алыс – берісті одан әрі дамытуды көздейміз. Сондықтан Солтүстік Қазақстанмен әріптестікті нығайтуға бағаттылған біршама бағдарламалар да жасалды)

Екі ел арасындағы сауда саттық айналымының көлемі былтырғы жылы Ауғаныстан елінде 820 млн АҚШ долларына жетіпті. Неге бұлай деген сұрақ туындайды. Себебі кейбір ауғаныстандық кәсіпкерлер біздің өнімді сатып алып, Өзбекістандп өңдеп, өнімді Қазақстанның атынан өз еліне тасымалдайды екен. Бұл әлдейқайда арзанға түседі. Жиында осы салаға қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Мысалы бизнесмендер жергілікті кәсіпкерлермен келісімге отырып, артынан алданып қалып жатады.

САРВАР ГУЛАМ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУҒАНСТАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Ауғаныстандық бизнесмендер жергілікті кәсіпкердермен келісімшартқа отырады. Алдын ала тауардың толық ақысын төлейді. Ал солтүстікқазақстандық серіктестік басшылары мен жеке кәсіпкерлер болса келісімді орындамай, өнім тасымалын кешіктіреді, үздіксіз сылтау айтады. Сөйтіп істі сотқа дейін апарады. Ал сот тергеу процесінің қаншалықты ұзақ болатыны барлығымызға білгілі. Бұл біздің бизнесмендердің ісіне үдкен кедергі болып отыр. 

Ал облыс әкімі Құмар Ақсақалов мұндай олқылықтардың орын алғандығынан хабардар екендігін және бұл мәселені өз бақылауына алатынын қадап айтты. Дегенмен Ауғаныстандық кәсіпкерлер тарапынан да келісімшартты бұзу жағдайлары тіркелген. Мысалы Тимирязев ұн комбинатының бас директоры Иса Аллахяровтың айтуынша олардың жіберген вагондары іркіліп қалады. Онсызда вагон жетіспей жатқанда, бұл жағдай өнімнің мерзімінен әлдайқа кеш баруына себеп болады дейді ол.

ИСА АЛЛАХЯРОВ, ТИМИРЯЗЕВ ҰН КОМБИНАТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Ауғаныстанға кейде өте көп мөлшерде тауар жібергенде, бос вагондардың іркіліп жатқандығын байқаймыз. Немесе ол жақтағы кәсіпкерлер вагондардағы жүкті түсірмей уақытты созады. Бізде темір жол паркі онсызда өте аз. Сондықтан сіздерге де өтінімішіміз осы мәселені қарастырып, бір шешімін тапсаңыздар.

Жоғарыда аталған келеңсіздіктерге қарамастан екі жақтық сауда – саттық көлемі артып келеді. Оған айғақ жыл басынан Ауғаныстан республикасына 13 млн АҚШ долларының 60 тонна бидайы жөнелтілген.  Жиын барысында қонақтар облыс әкіміне тауар алмасуды ұсынды. Мысалы біздің экспорпттаған өнімнің ақысын төлемей, оның орнына  бізге құрғақ жемістер мен көкөністер жеткізбек.

МОХАММАД ФАРХАД АЗИМИ, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АУҒАНСТАННЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Екі жақты әріптестікті жаңа дейгейге көтеруді қалаймыз. Мысалы біз сіздерде жоқ жемістер мен көкөністерді жеткіземіз. Өнімімізді АҚШ  ұсынған ұшақтармен тасымалдап отырамыз. Бұл өте тез әрі ыңғайлы болады деп ойлаймыз. Өйткені екі ел арасындағы арақашықтық өте алыс болғандықтан жеміс-жидектер жолда бүлініп кетуі мүмкін. Осы жөнінде екі жақты келісімге келу үшін арнайы меморандум қабылдауды ұсынамыз.

Ауғаныстандық елші біздің өңірдің қолдауымен Ресей нарығына да шыққысы келетіндіктерін жасырмады. Одан бөлек биыл біздің өңірден 1,5 миллион тонна бидай сатып алуды жоспарлап отыр.  Ал облыс әкімі осы жылы астық мол болса бұл жоспар орындалатынын тілге тиік етті.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
18:00, 10 желтоқсан 2019
ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕР МОЛ ӨНІМ БЕРДІ
Толығырақ...
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
17:53, 10 желтоқсан 2019
МЕРЕКЕЛЕР ҚАРСАҢЫНДА ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...