ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

АУЛАЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ҚАДАҒАЛАНУДА

20:37, 8 тамыз 2019

Петропавлда полиция жасақтары патрульдеу бағыттарын өзгертті. Тамыздың 5-нен бастап тәртіп сақшылары көпқабатты үйлердің аулаларын, көшелерді және көңіл көтеру орындарына жақын аумақтарды белсенді тексеруге көшті. Бұл жұмыстар «Қауіпсіз аула» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілуде.

Күн сайын Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, көші-қон қызметінің, ювеналдық және патрульдік полицияның қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен құралған 150 қызметкер тартылады. Олардың міндеті – қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

ШӘМШИДЕН АҚЫШОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЖПҚ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Іс-шараның мақсаты – үйлердің аулаларында ұрлықтарды болдырмау және азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізу. Полицияның жаяу жасақтары күшейтілді. Учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, Ұлттық ұланның әскери жасақтары, патрульдік полиция жасақтары жұмылдырылды. Олардың барлығы қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшірілді.

«Қауіпсіз аула» операциясына  пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары мен маңайларындағы тәртіпке бейжай қарамайтын тұрғындарды да тартылуда.

ВЛАДИМИР АЙПЕРТ, ПИК ТӨРАҒАСЫ:

- Жұмыстардың негізгі бөлігіН учаскелік инспекторлар атқарады. Өйткені олар аулаларды аралап, төрағалармен сөйлеседі. Тұрғындардың арасындағы, пәтерлердегі тәртіпті қадағалайды. Біз де өз тарапымыздан оларға көмек беріп, бірлесіп қоғам қауіпсіздігіне жауап береміз.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, жыл басынан өңірде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін –  7 мыңнан астам құқық бұзушы, қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін – 2130, белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жүргізгені үшін – 800ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандардың түнгі  жүргені үшін полиция қызметкерлері 1513 хаттама толтырыпты. «Қауіпсіз аула» жедел-профилактикалық іс-шарасы тамыздың 11-і күні аяқталады.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...