ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

17:57, 12 тамыз 2019

Ауылда кәсіп ашып, іс бастау қаншалықты қиын? Алғашқы капиталды қайдан алуға болады? Өз ісіңді бастауға ынта болса, қажетті қаржымен өңірде 2016 жылдан жұмысын бастаған, ауыл азаматтарын қолдауға арналған түрлі несие серіктестіктері көмектеседі. Айыртау ауданындағы жеке кәсіпкерлердің тәжірибесімен арна тілшілері танысып қайтты.  

Кенжебаевтар отбасы 2016 жылы Қызылорда облысынан Кирилловка ауылына қоныс аударған.  Бахытжан мен оның зайыбы Мархабат жаңа жерде  өз кәсібін бастауды мақсат етеді. Отбасы 6 млн теңге несие алып, 25 ірі қара сатып алады. Бүгінгі таңда елді-мекенде мал, құс шаруашылығын дамытып отыр.

МАРХАБАТ КЕНЖЕБАЕВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Несие серіктестігі «Шалқардан»несие алдық. Бірінші 6 млн-ға қоятын залог аз болды. Сосын КазАгроГарант деген программа арқылы 6 млн теңге несие алдық. Сиырларды сауып, сүтті тапсырыпжұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Бізге 150 га жер берген, биыл 70 га жер берген. КазАгроГарант арқылы трактор алып жатырмыз.  Ары қарай жұмысымызды жалғастырамыз.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы Байғариндер отбасы 15 млн тг несие алған.  Жеке кәсіпкер ішкі туризімді дамыту үшін, қаражаттты Шалқар көлі маңында демалыс базасының құрылысына жұмсапты.  

МАНАС БАЙҒАРИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- 2017 жылы 3 га жерді 5 жылға жалға алдық. Көлдің жағасы лас, қоқысқа толы болды. Несиеге алған қаражатқа 16 шағын үй салып, аумақты тазаладық. Сәйкесінше, демалушылар саны артып, кәсібіміз жылдан жылға дамып келеді.

«Шалқар» несие серіктестігі арқылы 6 айыртаулық өз кәсібін ашқан. Несиені кім және қалай алуға болатыны жайлы, серіктестіктің төрағасы рет-ретімен түсіндіріп берді.

АЛМАС БАЙҒАРИН, НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Несие алушы біздің серіктестікке келіп, қанша қаражат қажет және қандай мақсатта жұмсайтынын айтады. Біздің тарап, барлық берілген ақпаратты тексеріп, керекті құжаттарды жинай бастаймыз. Шешім қабылдаймыз. Содан соң, аграрлық несие корпорациясына тапсырамыз.

Жыл басынан компания жалпы соммасы 504 млн тенге болатын 90-нан аса келісім шартқа қол қойған. Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда несие серіктестіктері облыстың әр аудандарында бар.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...