ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫ ҚАЖЕТ

17:56, 18 шілде 2019

Өткен жылдың қыркүйек айында ашылған агротехнологиялық факультетте қазіргі таңда 540 студент білім алуда. Олар бұл жерде 4 мамандықты меңгереді, сондай-ақ, магистратураға түсуге де мүмкіндік бар.  Биыл тағы қосымша 4 мамандық ашылады деп жоспарланған. Түлектер кейін 100 % еліміздің ең ірі деген шаруа қожалықтары мен ЖШС-не жұмысқа тұра алады.

Виктор Даниннің М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің агротехнологялық факультетін тәмамдағанына жарты жыл да болмапты. Соған қарамастан, жас маман қазіргі таңда Жамбыл аУданының «Август-Казахстан» ЖШС-де еңбек етеді. Викторға 4 курста оқып жүріп, өндірістік тәжрибеден өту барысында осы қызметке орналасу туралы ұсыныс түскен. Агрономға жұмыс беруші тарапынан барлық жағдай жасалған, баспана  мен жеке автокөлік беріліпті. Еңбекақысы да жаман емес - 275 мың теңге. 

ВИКТОР ДАНИН, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ АГРОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕГІ:

- Мен барлық жастарға ауыл шаурашылығы саласының мамандықтарың таңдауғак еңес беремін. Соның ішінде, М.Қозыбаев ат. СҚМУ-н. Біздің факультет түлектерге сапалы білім бере отыра, барлық жағдай жасайды.  Білім алу барысында студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Германия, Ресей, Польша сынды шет мемлекеттерге барып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.

Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-ке оқуға құжаттар қабылдау жалғасуда. Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең ірі аграрлы аймақтарының бірі болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласының білімді кадрларын әзірлеу - міндет. 2018 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған агротехнологиялық факультет  ауыл шаруашылығы өндірісінің және тамақ өңдеу өнеркәсібінің әртүрлі салаларының бакалаврлары мен магистранттарын дайындауды жүзеге асырады. Осы жылы бакалавриат бойынша өсімдіктер карантині және оларды қорғау, биотехнология ал магистратура бойынша азық-түлік өнімдерінің технологиясы және агрономия мамандықтары ашылмақ.

ИННА ДЖЕМАЛЕДИНОВА, ДЕКАННЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біздің факультетте бүгінгі күнге дейін студенттер бакалавриатураның 4 мамандығы және магистратураның 1 мамандығы бойынша оқытылса, осы жылдан бастап бакалавриатураның 6 және магистратураның 3 мамандығына құжаттар қабылдайтын боламыз. Өткен жылы 200-ге жуық түлек 1 курсқа оқуға түсті. Болашақ мамандарды 2 доктор, 2 ПЧД докторы, 10 ғылым кандидаттары даярлайды.

МҰРАТ ТОҚТАР, АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Бүгінгі таңда біздің кафедрамызда 250-ден аса студент білім алуда. Олардың барлығы заманауи білім бағдарламалармен дайындалуда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Якутияға, Қытайға өндірістік практика бойынша Генрманияға 6 айға барып, өз білімдерін толықтырып жатыр. 

Былтыр оқуға түсушілердің 80% грант алды. Бұл көрсеткіш тек өңір үшін ғана емес, жалпы ел үшін де рекордтық. Сонымен қатар, жоғары оқу орнында  тағы бір екіжақты тиімді тәжірибе қолданылады. Мәселен, студент болашақты жұмыс істеу үшін белгілі бір ЖШС алдын ала келісімге отырса,  кәсіпорын оның оқу ақысын төлемек.

ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, КОМАНДИТТІК СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ:

 

- Біз өзіміздің түлектерді жіберіп, оқытып алдық. 4-5 жыл болды бітіргендеріне. Бүгінде бізге жас мамандар қажет. Қазір біз жаңа сүт фермасын ашып жатырмыз. Оған да жас  білікті де білімді мамандар қажет. Үй, подьемный беруге дайынбыз. Мамандар келсе қарастырамыз барлық жағдайды. 

Агротехнологиялық факультет оқу үшін қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған. Заманауи зертханалар бар. Жақсы материалдық-техникалық база теорияны ғана емес, оқу барысында маңызды практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...