ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚАУПІ БАР МА?

17:15, 17 қыркүйек 2020

СҚО аграрлы аймақ. Осыған байланысты жыл сайын өңір бюджетінен ауылшаруашылығына  ауқымды қаражат бөлінеді. Мәселен, осы жылы  аталмыш салаға 48млрд теңге қарастырылған.  Сондықтан да, мол ақша жүрген жерде парақорлық қауіпі де жоғары.Осы себепті де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандары кәсіпкерлер арасына мониторинг жүргізген.Тексеріс нәтижесі қандай? Келесі бейнематериалда.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ауыл шаруашылығы мен тамақ және агро өнеркәсіп саласына мониторинг жүргізді. Тексеріс нәтижесінде, 13 арнайы ұсыныс жіберілген. Оның дені технологиялық жабдықтар мен ауыл шаруашылығын техникасының лизингін «Қазагроқаржы» филилалы арқылы  субсидиялауға қатысты.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

- "Стандартты лизинг" бағдарламасы бойынша техниканы сатып алу рәсімі көбіне түсініспеушілік туындатады.Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші сатып алынатын техника құнынан 15% алдын ала төлем жасайды,ал қалған сомасын яғни,   85% қазагроқаржы төлейді. Одан кейін, АҚ клиентке қажетті техниканы өндірушіден сатып алады және оны өтеу кестесімен бірге пайдалануға береді.Кейіннен жыл соңында субсидия төлеу кезінде кәсіпкерлер мен филилал мамандары арасында түсініспеушіліктер болып жатады. Алайда біз бұл филиал жұмысын тексердік. Ескертулер де берілді.

Шаруалар аталмыш бағдарлама арқылы техника сатып алатын болса, өтінімді онлайн электронды поштаға жібере алады. Егер өтінімі мақұлданса құжаттарының түпнұсқасын алып келу арқылы, келісімге отырады.  Электронды форматқа ауысу себебі, ең алдымен карантин режиміне байланысты болса, екіншіден сыбайлас жемқорлық қауіпінің алдын-алу.

БЕЙБІТ СЫЗДЫҚОВ, «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.:

- Егер осы бағдарлама арқылы мәселен, өсімдік шаруашылығына қажетті техника алатын болса, алқабы жөнінде құжатты көрсетуі тиіс. Ал егер мал шаруашылығы болса қанша бас малы бар екенін және оны растайтын анықтамасын көрсетуі тиіс.  

Кей кезде несие алып, оны төлей алмайтын кәсіпкерлер де бар. Оның басты себебі, ауа-райының қолайсыздығынан диқандардың дұрыс өнім алмауы немесе тауарларының тым арзанға сатылуы.

ЕРБОЛАТ БЕКШЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Берілген ұсыныстар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Барлық аудандар мен кәсіпкерлерге жіберілді. Шындығында ауыл шаруашылығына көп қаражат бөлінеді. Сондықтан да, жемқорлықтың алдын-алк үшін қазір «Қолдау» арнайы порталы іске қосылған. Алайда бұл бағдарламаға да түзетулер енгізу керек.

Айта кетейік, биыл облыстың ауыл шаруашылық саласына 48 млрд теңге қаражат бөлінген.

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...