ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҮЗЕЛЕДІ

13:01, 1 маусым 2020

Биыл М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында ішкі жолдар, жылу желілері, ауыз су тарату жүйесі жөнделіп, көшелер жарықтандырылады. Одан бөлек жабық хоккей корты мен ашық әкімдік және түрлі әлуеметтік нысандар бой көтермек. Ауылдар да назардан тыс қалмайды. «Алтын дән» селолық округіне қарасты «Советское» елді мекенін дамытуға осы жылы 800 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді. Жол жөнекей Қызылжар ауданының, Асанов ауылына соғып, ондағы орта мектепті жөндеу жұмыстарын байқады.

Бұл 1977 жылы салынған «Асанов» орта мектебі. 200-ден астам оқушыға шақталған білім ошағы құрылғалы күрделі жөндеу көрмеген. Шатырынан су өтіп, есік-терезесінен жел улейтін ғимарат биыл жаңа кейіпке енбек. Бөлінген қаржы 79 млн теңге.

СВЕТЛАНА ЧЕРКАСОВА, АСАНОВ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Терезелер мен шатыры ауыстырылады. Қабырғалары сыланып, есіктер жаңартылады. Сосын электр жүйесін де ауыстыру керек. Өйткені сымдар ескірген. Білім ордамызда бүгінде 31 педагог пен 223 оқушы бар.

Мектеп шағын емес. Мұнда Михайлов, Плоская, Ночевка сынды ауылдардан 47 оқушы қатынап оқиды. Білім ордасындағы жөндеу жұмыстарының барысын Құмар Ақсақалов көрді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Негізгі мәселе Үкімет сендерге қаражат бөліп жатыр, сондықтан жұмысты сапалы атқарыңыздар. Жұмысқа өңір азаматтарын алыңыздар.

Интернет желісі де жақсарады деді – мектепті аралаған өңір башысы Құмар Іргебайұлы. Жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталмақ. Яғни ғимарат жаңа оқу жылына дейін қолданысқа беріледі. Халықының саны мыңнан асатын ауылда ауыз су бар. Тек жолдардың сапасы нашар. Бау-бақша баптап, төрт түлік өсіруге машықтанған тұрғындардың өмірі жаман емес. Дегенмен түйткілді мәселелер жоқ емес.  

Соңғы кездері судың келуі нашарлады. Жолды биыл жөндейміз дейді.

Су бар, бәрі тамаша. Автобус жүріп тұр. Тек коронавируспен ауырмасақ болдды.

Бізде бір ғана проблема бар. Ол да болса жолдың сапасы. Биыл жөндейміз деп уәде беріп отыр. Көре жатармыз.

Биыл «Ауыл ел бесігі» және «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында аулды дамытуға 315 млн теңге бөлініп отыр. Бұған ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын ауыл ішіндегі жолдар мен ауыз су тарату желісі жөнделеді. 7 көшеге жарық орнатылып, кіре берістегі асфальт жаңартылмақ. (ГЕО: М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫ) М.Жұмабаев ауданында да жұмыс қызған. Орталығы Булаев қаласындағы ішкі көшелерге асфальт төселуде.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ,  М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ұзындығы 10 шақырымнан асатын ішкі көшелер жөнделеді. Мердігер компания шаруаға кірісті. Бұл мақсатқа 374,4 млн теңге қарастырылып отыр. Ауыз су тарату желілерін жөндеуге 23,5 млн теңге бөлінді. Одан бөлек ұзындығы 9 шақырымдық көше жарықтандырылып, 1 шақырым жылу желісі қалыпқа келітірілмек. «Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 83 адам жұмыспен қамтылды.

Құмар Іргейбайұлы төселіп жатқан асфальттің қалыңдығын өзі тексерді. Ал Булаевтағы 4ші орта мектепте  жөндеу жұмыстары мамырдың 27сі басталды. Оған Көкшетаулық мердігер компания жауапты.

ОЛЖАС АБУОВ, ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Жылыту және электр жүйесі толығымен ауыстырылады. Интернат пен спортзалдың едені жаңартылады. Жалпы айтанда күрделі жөндеу жасаймыз. 18 адам еңбектенуде. Оның 9-ы «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы алынса, ал 5-і пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар.

Облыс әкімінің айтуынша мектеп ауласындағы Денешынықтыру-сауықтыру орталығының қасынан жабық мұз айдыны салынады. Ол жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Құрылысқа 88 млн теңге бөлініп отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Міндетті түрде ФОК-тың қасында жабық мұз айдыны болуы керек. Спортшылар жылы өткелмен өтіп, киімдерін ауыстырып, жаттығудан кейін жуынып алуы керек. Оның қасында жақсы бір стадион болу қажет.  Сондықтан осындай орталықтарды ашып облысымыздың біріншіліктерін, яғни жарыстар өткізу керекпіз.

Биыл Булаевта 3 балалар алаңқайы мен тренажерлық залдар салынып, ашық қалалық әкімдік жұмысын бастайды. Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Таманское және Пулеметовка елді мекендеріне апаратын 16 шақырымдық жолды жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл аудан бойынша 83 шақырым жолға асфальт төселеді. Ауылдар да назардан тыс қалмайды. Булаев қаласына тиіп тұрған Медвежка ауылының ішіндегі көшелерді жөндеуге 50 млн бөлінсе, Алтын дән селолық оругіне қарайтын Советское елді -мекенін дамытуға 800 млн астам теңге қарастырылған.

ҚАЙРАТ ОМАРОВ,  М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ең алдымен ауыз су тарату желісі жаңартылып, 500 отбасы таза сумен қамтылады. Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын үш көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 100 млн теңге жұмсамақпыз. 10 шақырымдық көше жарықтандырылады.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ,  ТІЛШІ:

Жол, ауыз су, жарықтандыру және баспана мәселелері биыл шешіледі. Спорттық сала да назардан тыс қалған жоқ. Үстіміздегі жылы осы Советское ауылында жабық футбол алаңы салынбақ. Бұл мақсатқа 7 млн теңге қарастырылып отыр. Айта кету керек биыл облыс бойынша 187 ауылда түрлі нысандар мен жолдар жөнделмек.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...