ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

АУЫЛДАРДЫ СУМЕН ҚАМТУ

20:33, 2 маусым 2020

Өңір тұрғындары сапалы ауызсумен толық қамтылуы тиіс. Елдімкендердегі су беру жүйесін жаңарту мақсатында жыл сайын қомақты қаражат бөлініп келеді. Биылғы жылға да жоспарлар ауқымды.  Облыстық әкімдікте өткен кезекті отырыста сумен жабдықтау және мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылды.  

Адам ауруының 80 проценті - сапасыз судан. Облыста бұл мәселе біртіндеп шешіліп келеді.  2017 жылдан бері 579 км  желіні жөндеу үшін бюджеттен 16 млрд теңге бөлінген. Су беру жүйесі 56 мың халқы бар 89 елдімекенде жақсарды.  Қолданылған шаралардың нәтижесінде су құбырларындағы апат саны 11 процентке азайды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Биыл су беру жүйесіне 8,4 млрд теңге бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе көп.  Бөлінген қаражат облыстағы 288 км су құбырын жөндеуге мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары 76 елді-мекенде жүргізіледі. Уалиханов ауданының Қулыкөл мен Қаратал ауылдарында су беру жүйесі мүлдем жоқ. Таза су оларға  да жетеді.

ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Су беру жүйесінің нысандарын салып,   қайта құру жөніндегі 17 жобаны іске асыру үшін биыл  4,5 млрд теңге қарастырылған.  Таратушы тораптарды ағымдағы жөндеу үшін 1,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 232 таратушы торап жөнделеді.

Жұмыспен қамту жол картасына енген бұл жобаларды іске асыру аясында бірқатар азамат жұмысқа орналастырылады.  Өңір басшысы, таза суды ауылға ғана емес, тұрғындардың үйлеріне дейін тарту қажеттігін айтты.  Бұл заман талабы. Құмар Ақсақалов жыл соңына дейін елдімекеннің әр төртінші тұрғынының үйінде су болатындай  талап қойды. Оған қоса, бұл жұмысты бюджет есебінен ғана емес, шаруа қожалықтардың көмегімен де жүргізу керек.

- Елдімекендерде жұмыс істейтін шаруа қожалықтары да  бұл мәселені шешуге ат салысулары қажет.  Өткен жылдары осындай жұмыс Айыртау, Мамлют, М. Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Тайынша аудандарында жүргізілді. Қалғандарында әзірге қолдау аз. Айтып кеткен аудандардың аграрийлері 1,5 мың ауылдастарын таза сумен қамтыды. 

Жаз басталғалы, балалардың демалысын ұйымдастыру мәселесі де алдыңғы қатарға шығады. Карантин уақытында жазғы сауықтыру лагерлерінде бәрі бірдей дем ала алмайды. Алайда,  демалыспен мектеп оқушыларының бәрін бірдей қамту талабы қойылған. Ол қалай болатынын облыстық білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова баяндап берді.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мектеп оқушыларын жазғы демалыспен барынша қамту мақсатында , тұрмысы төмен отбасылардың балаларына  лагерьге 511 жолдама сатып алынды. Әр қайсысының бағасы  16 мыңнан  35 мың теңгеге дейін. Сауықтыру лагерлерін жөндеу үшін  биыл  93 млн. теңге бөлінген. Лагерьлерді кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға бері үрдісі жалғасуда. Өткен жылдары бұл тәжірибе оң нәтиже берді.

Инвесторлар балалардың демалыс орындарының жағдайын жақсартып қана қоймай, демалушылардың уақытын ұйымдастыру сияқты мәселелерді өз мойнына алды.   Облыс әкімінің айтуынша, жаз уақытында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға  оқушылар сарайы және тағы басқа қосымша білім беретін мекемелер қатысуы қажет.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлық мәселесі де көтерілді. Бұл да үнемі назарда ұсталатын мәселе, облыста осы орайда атқарылып жатқан шаралар көп.  Бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн форматқа көшіру өзінің оң шешімін беріп келеді.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...