ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

АВТОБУСТАРҒА QR-КОД ОРНАТЫЛДЫ

20:34, 9 тамыз 2019

Автобуста жол ақысын төлеу ішін қалтаңызда ұсақ ақша болмай қалатын жағдайлар болады.Енді, алаңдаудың еш керегі жоқ.  Петропавл қаласындағы автобустарда QR-белгісі орнатылды. Яғни, QR-кодын сканерлеу арқылы жол ақысын төлеуге болады.  Мұндай жаңашылдық әзірге 4А бағытында ғана бар. Пилоттық жоба қала тұрғындарының көңілінен шықса,  қызмет түрі өзге де автобустарда қолданылатын болады. Жаңашылдық қаншалықты тиімді? әріптесім анықтап көрді.

Қазіргі таңда адамзат үшін QR-белгісін қолдану тиімді тәсілге айнала бастады. QR коды мағынасын ашсақ quick response code ағылшылн тілінінен аударғанда – жылдам жауап деген мағынаны береді. QR -белгісі түрлі салада қолданылады: электронды кітапхана, кез-келген қызмет түрі, тіпті жол картасының кодын түсіріп алсаңыз жеткілікті. Ұялы телефоныңызда қажетті ақпарат шыға қалады. Осындай QR-белгісі шаһардағы 4а бағытының 12 автобусына орнатылып, қала тұрғындарының өмірін біршама жеңілдетпек.

 ОЛЖАС ЖАҚЫПОВ, БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазақстан халық банкі Жолаушылар көлігі нарығы үшін өз QR кодын ұсынып отыр. Ол қоғамдық көлікте қолма-қол сауда жасамау үшін, мүмкіндік береді. Мобильді қосымша арқылы QR кодты сканерлеп және өзіңіздің ұялы нөміріңізді енгізесіз. Сізге смс хабарламасы бар электронды түрде келеді.

Электронды билетті автобус кондукторына немесе көлік жүргізушісіне көрсету қажет болады. Мамандар келесі аптаның соңына дейін шаһардағы барлық автобустарға QR-кодты орнатуды көздеп отыр. Сонымен қатар, шаһарда барлық ережелерге сай келетін, ыңғайлы, су жаңа автобустар сатып алынып жатыр.

ГАЛИНА СЕМЕНОВА, СҚО «ЖОЛАУШЫЛАРДЫ   ТАСЫМАЛДАУ ОДАҒЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Облыс әкімі Құмар Іргебайұлының тапсырмасымен қоғамдық көліктер паркі кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр. Бұл автобустар арнайы  мүгедек жандарға ыңғайлы етіп жасалған. Бүгінгі таңда  мұндай автобустар 9-шы бағыттың 4 автобусына қолданысқа берілді. Сонымен қатар, электронды билет жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілуде. 

QR-кодты тестілеу мақсатында 4а бағытына отырып, жолаушылардың  ойын білдік. Аңсаған Сабыржан қала тұрғыны. QR-кодтың пайда болғанын аңғарған   жігіт, жаңашылдықты бірден қолданып көрді.

АҢСАҒАН САБЫРЖАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

QR-код арқылы төлем жасау өте ыңғайлы. Өзіңмен бірге қолма-қол ақша тасудың қажеті жоқ. Мысалы, сдача күтпейсің. Өте ыңғайлы.

Атап өтетін жайт, жаңашылдыққа байланысты жол жүру ақысы еш өзгермейді. Жалпы, QR-код арқылы қолма-қол төлем жасау қызметі қаншалықты тиімд уақыт көрсететіні анық. Бұған дейін, мұндай қызмет түрі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында енгізілген, бүгінгі күннен бастап Қазақстанның барлық шаһарларында іске қосылды.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар