ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ

17:57, 17 шілде 2019

Петропавлда аттракциондардың бірыңғай төлем картасы енгізілді. Енді әр әткеншекке міну үшін кассаға жүгірудің қажеті жоқ. Бұл жүйе ең алдымен демалушылардың ыңғайлылығы үшін қолға алынған. Әзірше, тәжірибе ретінде енгізіліп отыр. Төлем карталарды  кассалардан алуға болады. 

Аттракционға арналған карточкаға белгілі бір сомманы салып, ақша біткенше жекелеген карусельдерде айналуға болады. Балансты кассада толтырып береді. Ал төлемді терминал арқылы жүзеге асырады.  Сондай-ақ, ойын алаңында 20 пайыздық жеңілдіктер мен бонустар қарастырылған. 

АЛЕКСАНДР КОЗЛОВ, «МИР АТТРАКЦИОНОВ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Карточканың артықшылығы, келушілер әлсін-әлсін кассаға жүгіре бермейді. Карточкаға салынған ақша және бонустар күйіп кетпейді. Карточкаға 3000 теңге салсаңыз, 10 пайыз мөлшерінде бонус аласыз. Қаражат неғұрлым көбірек болса, соғұрлым жеңілдіктер де арта береді.

Қызмет ақысын электрондық әдіспен төлеу жүйесі тұрғындарға ұнапты.

- Билеттерді әрбір кассадан біржола алып, жоғалтып жүретіндерді көремін. Соған қарағанда бұл карточка жақсы деп ойламын. 

Қалалық саябақта 34 терминал орнатылған.  Алдағы уақытта әрбір адамның есімі жазылған төлем карточкасын қолданысқа енгізу жоспарда бар.  Осылайша, оны жоғалтып алғанда қалпына келтіру мүмкін болмақ. 

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
17:52, 22 тамыз 2019
ОБЛЫСТА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРҒА 4 МЛРД ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛАДЫ
Толығырақ...