ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ

20:36, 16 қаңтар 2020

Статистикалық мәліметке сүйенсек, былтыр облыстың барлық саласында  едәуір өсім байқалды. Алайда азық-түлік бағасы  да біршама қымбаттаған. Мәселен, 2019 жылы ұн мен нан және жұмыртқа бағалары шарықтап кеткен. Ал жан басына шыққандағы  ең төмен күнкөріс деңгейі болса  27397 теңгені құрапты. Тақырыпты әріптесім жалғастырсын.

Облыстың аудан орталықтары бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 27986 теңге болса, Петропавл бойынша 26476 теңгені құрады. Ал азық-түлік бағасы болса, 9,3 пайызға қымбаттаған. Мәселен, ұнның бағасы  25,4 пайызға, жұмыртқа 22,7, ал нан 21,1 пайызға  өскен.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 2019 жыл басынан СҚО бойынша инфляция 5,5 пайызды құрады. Өткен жылы азық-түлік емес тауарлар 4,4 пайызға, ақылы көрсетілетін қызметтер 1,9 пайызға өсті. 03:10. Жас жемістер 7,3 пайызға қымбаттады, сонымен бірге жас көкөністерге баға 8,7 пайызға төмендегені белгілі. Азық-түлік емес тауарлар бойынша киім мен аяқ киімнің жекелеген түрлеріне баға 6,7 пайызға, ал фармацевтикалық өнімге 5,5 пайызға көтерілді.

Азық -түлік өнімдерінен басқа , ақылы көрсетілетін қызмет түрлерінің де бағасы шарықтаған. Мәселен, темір жол билетінің құны 3,4 пайызға өскен. Ал бензин мен көмір 0,8 пайызға   арзандады.

ҚУАНЫШБЕК ҚАЛИЖАНОВ, СҚО СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер аясында 2019 жыл басынан тарифтер суық суға 3,8 пайызға, электр қуатына 6,8, қоқыс шығаруға 5,2 пайызға, кәрізге 3,7 пайызға, тасымалдау жүйесі бойынша бөлінетін газға 1,6 пайызға төмендеді.

Ал мейрамхана және мейманхана қызметтеріне баға 8,6 пайызға, демалыс, көңіл көтеру және мәдениет саласында 5,5 пайызға көтерілді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...