ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20:38, 26 маусым 2020

Көзі – камера, тілі – қылыш, қаруы – қалам. Журналистер күні қарсаңында қоғам мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етіп жүрген бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды. Қарапайым халық пен билік арасын жалғайтын   мамандар  Қазақстан журналистері одағы  филиалының құрмет громаталары, алғыс хаттар және басқа да естелік сыйлықтар алды.

Марапатқа ие болғандардың бірі «Егемен Қазақстан» газетінің СҚО меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат. Ол еңбек жолын сонау 1993 жылы бұрынғы «Қазқастан Петропавл» қазіргі «Қызылжар» арнасынан бастады. Ал 2004 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің орталық аппаратына қызметке келді.

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ СҚО БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

Телеоператорлар да назардан тыс қалмады. Осы бір кәсіптің жілігін шағып, майын ішкен жандардың бірі Ерлан Қалиев. Телевизия  саласында 18 жылдық тәжірибесі бар маман  «Үздік телеоператор» номинациясын иеленді.

 ЕРЛАН ҚАЛИЕВ , «QAZAQSTAN» ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША  ТІЛШІЛЕР ҚОСЫНЫНЫҢ ТЕЛЕОПЕРАТОРЫ:

Айта ету қажет БАҚ өкілдері пандемия басталғалы ақ халатты абзал жандар және құқық қорғау саласының мамандарымен бірдей алдыңғы шепте қызмет етті. Қауіп-қатерге қарамастан науқастардың жағдайы, облыстағы ахуал мен болып жатқан жаңалықтарды қарапайым халыққа боямасыз жеткізді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...