ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

20:40, 13 ақпан 2020

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Ерлан Әукенов облыс активімен де кездесу өткізді. Отырыс барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерін, көмекке мұқтаж отбасыларды кепілді әлеуметтік пакеттермен қамтамасыз ету механизімдерін түсіндірді.

Елімізде көпбалалы отбасылар көбеюде. Бұған мемлекеттік қолдау әсерін тигізген. Жиын барысында Ерлан Әукенов осындай қуанышты хабарды жеткізді. Жетімдер үйінен балаларды асырап алушылар көп. Соның есебінен ел бойынша көпбалалы отбасылар саны бір айдың ішінде 8 пайызға күрт артып, 390 мыңға жеткен.

ЕРЛАН ӘУКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Қазақстан бойынша 109 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Ол отбасыларда барлығы 550 мың адамның 166 мыңы еңбекке жарамды. Алайда, жартысынан астамы жұмыс істемейді. Алдағы уақытта олар ұсынған жұмыстан бас тартса, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті алмайды.

Елімізде жұмыссыздық мәселесі өзекті. Шағын несиеге бөлген қаражат игерілмей жатқан көрінеді. Мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру шарасы сылбыр.  Ерлан Әукенов бұл жұмыспен қамту орталықтарынан кеткен олқылық деді.  Сондықтан, Петропавлда «Бақытты отбасы» орталығы құрылмақ.  Ерлан Әукенов отбасыға қатысты мәселенің бәрін сол жерде шешеміз деп отыр. 

ЕРЛАН ӘУКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

- Орталық медиативтік функцияны атқарады. Адамдар отбасындағы бүкіл мәселені сол орталыққа барып айтады. Онда психолог, педагог, заңгер, кәсіпкер, медициналық қызметкер,  түрлі саланың білікті мамандарын отырғызамыз. Олар келген тұрғындарға бәрін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Бұл орталықта тұрғындардан түскен ақпарат өңделіп, мемлекет бағдарламалары мен заңдарға тиісті өзгерістер енгізілмекші. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...