ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БАЛА БОЛАШАҒЫ - ҚОҒАМ БОЛАШАҒЫ

17:56, 6 қыркүйек 2019

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы және басқа да ауыр, әсіресе балаларға қарсы қылмыстық жазаны жедел түрде күшейту қажет.  Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында үкіметке осындай тапсырма берді. Қылмыскерлердің жазасын қатаңдату туралы заңға өңір тұрғындарының көзқарасы қандай?Әріптесім анықтап көрді.

Бала құқығын қорғап, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәселесі елімізде басымдыққа ие болуы керек. Өңірдегі іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері  аналар мен балаларды қорғау мәселесі жергілікті деңгейде бірнеше рет көтерілді, енді үкіметке жеткені бізді де қуантады дейді.

СӘУЛЕ СҮЛЕЙМЕНОВА,  СҚО АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Президент жолдауында балалар мен әйелдер мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Бүгінгі күні елімізде өте өзекті тақырыптардың бірі ол зорлық-зомбылық  тағы да басқа мәселелер. Әрине әйелдерді, балаларды қорғауға қатысты заңның қатаңдатылғаны бізді қуантады. Өйткені бүлдіршіндердің болашағы жарқын болуы керек.

Президент жолдауынан кейін енді  үкімет жыныстық зорлық-зомбылық, есірткі тарату, педофилия, адам саудасы мен басқа да ауыр, әсіресе балаларға қарсы  қылмыстардың жазасын қатаңдатуды басты назарға алмақ. Солтүстікқазақстандықтар да бұл бастаманы бір ауыздан қолдап отыр.

- Жазаны қатаңдату керек. Қазіргі уақытта баланы бір жаққа жалғыз жіберуге қорқамыз. .

- Бала ұрлығын жасайтын қылмыскерлерді қатаң жазалау керек. Себебі барлығымздың өсіп келе жатқан бүлдіршіндеріміз бар. Болашақтары жарқын болуы керек.

-Ендігі әрі мұндай жаманшылыққа бармайтындай етіп жазалау керек. Менің 9 жастағы балам бар. Оның болашағы үшін алаңдаймын.

Балалар үшін спорттық үйірмелердің де қол жетімді болуы маңызды. Елімізде бұқаралық спорт саласын дамыту бойынша жоспар әзірленіп жатыр.  

Жансая ҚАЙЫПОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар