ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БАЛА ЕҢБЕГІН ҚАНАУҒА ҚАРСЫ АКЦИЯ

17:15, 29 мамыр 2020

1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай  «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік» Ұлттық ақпараттық компаниясы  «Барлығы балалар үшін»  атты республикалық акция ұйымдастырады. Бұл шара, балалар еңбегін заңсыз пайдалану мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі.

Бала  құқығы тапталған оқиғалар әрекідік кездесіп жатады. Сондықтан облыстық білім басқармасының қорғаушылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімі «бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік» акцияны қолға алған. Мамандардың айтуынша, бұл күндері отбасылық құндылықтар мен бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтер көрсетіледі. Білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілерінде әдістемелік және нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады, онлайн режимінде пікірталас өтеді.

МАФРУЗА НАУАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Полиция органдарын, үкіметтік емес ұйымдарды, ата-аналар қоғамдастығын бұл шараға тарта отырып, «Жанұяда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» деген атауменкең ауқымды рейдтік іс-шараларды жоспарлап отырмыз. Бұл науқан қоғамның санасында балалардың құқықтары туралы құқықтық ақпараттық деңгейін арттырады деп үміттенеміз.

Оқу жылы аяқталысымен, жаз мезгілінде көптеген балалар өздігінше ақша табуды қалайды. Осыған байланысты, жұмыс берушілер мен ата-аналарға кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын сақтау маңызды. Бала құқығын қорғауға арналған республикалық акция дәстүрлі.Мәселен, тек 2019 жылы ғана 2600-ден аса ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткен.

ҒАЛИЯ ІЛИЯСОВА, СҚО БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен жылғы аумақтық полиция бөлімдерінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары жергілікті полиция өкілдерімен бірлесіп, сондай-ақ БАҚ өкілдерімен 541 рейдтік іс-шара өткізіп, 650-ден аса нысанды тексерді. Тексеріс барысында облыс аумағында балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталған жоқ.

Мамандар балалар еңбегін заңсыз пайдаланған, не болмаса жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін фактілерге куә болған жағдайда, экранда көсетілген телефон нөміріне хабарласуды сұрайды. НӨМІРДІ АЙТУ КЕРЕК

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...