ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА 1 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ТОННА МАЙЛЫ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ Толығырақ

БАЛА ҮШІН КҮРЕС

21:02, 13 қыркүйек 2018

Роза Магдыч Петропавл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Қатал тағдырдың сынағынан өткен жалғыз басты ана қазіргі күні 3 баланы тәрбиелеуде. Басынан өткен сынақтарға мойымастан ол өзінің сүйікті ісі тігіншілікпен айналысып, күн көруде. Аутизм диагнозымен ауыратын балаларға арналған киімдер тігіп, әртүрлі ақыл-ойды дамытуға арналған кітаптар жасайды. Шебердің бір тыныс-тіршілігі жайында арна тілшісі Жансая Қайыпова  толқтырады.

Роза Магдыч маңдайына жазылған сұм тағдырға мойынсұнбай кез-келген қиындықтарға төтеп беруде. Ол Петропавлдағы балалар үйінің  түлегі.  Жалғыз басты ана қазіргі таңда 3 бала тәрбиелейді. Үлкен ұлы Матэуш 14 жаста болса, екіншісі Багдан 7де, ал ерке қызы Ева енді ғана 3-ке толған. Дәрігерлер ортаншы ұлына 2 жарым жасында аутизм дертінің диагнозын қойған. Қазір ол үйде, балабақшаға бармайды. Роза да үйде, балаға қарап, жұмыссыз отыр. Бірақ, шеберлік құрады. Қызы Ева дүниеге келгеннен соң қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысып, дамыту кітаптарын қолдан тіге бастаған.

РОЗА МАГДЫЧ, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:

- Бізге балам 2.5 жаста болғанда аутизм диагнозын қойды. Содан соң баламды балабақшаға алудан бас тартты. Сондан бері үйде ұлым Багданмен отыруға мәжбүрмін. Қызым Ева туылғаннан соң ғаламтор арқылы қол өнердің қыр-сырымыен танысып тіге бастадым. Әрине мата тағысын-тағысын заттар өте көп кетеді. Және барлығын өз қаражатыма сатып аламын.

Богданға аутизм диагнозы қойылғаннан соң Роза баласына арнайы дертке қарсы кеудеше мен көрпе  сатып алу үшін қаражаты жетпей, өзі ғаламтордан қарап тіге бастаған.  Қазіргі таңда өзге де науқас балалар үшін де бұйымдарын тігіп келеді.

РОЗА МАГДЫЧ, ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМЫН ЖАСАУШЫ:

- Біріншісін тігіп «Радуга» балабақшасындағы коррекциялық сыныпқа бердім. Нәтижесі өте жақсы болды. Бұл кеудешелерді кигенде аутизм ауыруымен ауыратын балалар тынышталып, өздерін жақсы сезінеді. Өйткені олар сенсорлы болғандықтан, балалар өздерін анасының құшағында сияқты күй кешеді.

Қазіргі күні  отбасының баспаналары жоқ. Жақында ғана қалалық әкімшілік тарапынан уақытша берілген 1 бөлмелі пәтерде тұрып келеді. Ал үкімет тарапынан жекеменшік үй алу  үшін кезектері әлі жақындар емес. Үлкен ұлы Матэуш бүгінгі күні 9 сынып оқушысы. Анасының қол қанаты. Әрқашан сабақтан бос уақытында балаларға қарап, тамақ пісіріп, анасына көмектеседі.

МАТЭУШ БЕРНАЦКИЙ, ҮЛКЕН ҰЛЫ:

- Анам өте жақсы, мейірімді кісі. Әрқашан қиын уақытта бізге көмектесіп, жанымыздан табылады. Ал анамның осында іспен айналысқанына мен қарсы емеспін. Өзім қол өнерден мүлдем хабарым болмасада, оған көмектесуге тырысамын. Және анама рахмет айтамын. Осылай бізді бағып-қағып, осы күнге жеткізгеніне. Қиындықтарға мойынсұнбағанына.

Жалғыз басты ананың бүгінгі күнгі арманы ұлы Богданды мектепке беріп, баспаналы болу. Болашағына үлкен сеніммен қарап, тек алға ұмтылуда. Розаны қиын-қыстау сәттерде жігерлендіретін жалғыз қуанышы қол қанат балалары.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, қолөнер, көп балалы ана

Тақырып бойынша материалдар

АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
21:06, 15 қараша 2018
АУДАН ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
20:56, 14 қараша 2018
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
18:00, 9 қараша 2018
ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРД...
Толығырақ...