ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН 3-ШІ АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ

18:00, 24 қаңтар 2020

Петропавлдағы сенімгерлік басқаруға берілген бөбекжай мәселесі  әлі де көптің талқылауында. Инвесторлар балабақшаны тендерден қалай жеңіп алған? және неліктен бұл жаңалықты мәслихат депуттатары кеш естіген? Әлі де бұл сұрақ жауапсыз қалып отыр. Бүгін қалалық қоғамдық кеңес мүшелері де осы тақырыпты талқылап, жауабын алуға тырысты.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 апта бұрын облыс орталығындағы 1 бөбекжай мен екі балабақша сенімгерлік басқаруға берілетіні жайлы айтылған болатын. Алайда бұл мәселе көптің көңілінен шықпады. Себебі, біреулері бөбекжай ақысы қымбаттайды десе, енді бірі қазақ топтары жабылатындығын сөз етті. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер арасында конкурс жарияланып, оның шешімі тамыз айында жарияланғанынан  хабарсыз болған қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттары өздерінің  наразылықтарын  білдірді.

- Почему городской акимат давал согласование на эти объекты? Не посоветовшись об этом депутатами города и общ.советом? 

Осы және басқа да сұрақтарға жауап беруге тиіс болған қалалық білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанова денсаулығына байланысты жиынға қатысқан жоқ. Алайда оның орнына қала әкімінің орынбасары А.Хабибулин келді.

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қала әкімдігі ешқандай келісім берген жоқ. Бұл заң бойынша облыстық әкімдіктің жұмысы. Сол кісілер облыстық кеңесте талқылап, өздері барлық құжатты тексеріп, келісім берген.Құжаттары да талаптарға сай келген.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері сенімгерлік басқаруға 10 жылға беріледі. Осы уақыт аралығында инвестор белгілі бір талаптар бойынша жұмыс істеуі керек. Егер де кәсіпкер өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмаса онда ол бірқатар айыппұлдарды өтейді. Немесе шарт бұзылуы мүмкін.Ал қоғам белсенділерінің ойынша мемлекеттік мекемелер білім беру саласынан еш хабары жоқ кәсіпкерлерге беріліп отыр. Олардың пікірінше, енді бөбекжай тек табыс көзіне айналады.

ВИКТОР БОНДАРЕНКО, АЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ :

- Егер мен инвестор болып,балабақшаларды сенімгерлік басқаруға алсам. Сосын төлем ақысында қымбаттатпасам маған қандай пайда келеді. Мен тек өз қалтамнан ақша шығарып отыра бермеймін ғой. Міндетті түрде бөбекжайдың ақысын қымбаттатып, өзіме пайда істеймін. Ал бізде бюджетте барлық бөбекжайларға қаражат жеткілікті түрде бөлінеді. Сондықтан да, кәсіпкерлерге берудің еш қажеті жоқ. Ал олар қосымша үйірмелер ашатын болса нақты қандай ? Және оның кішкентай балақайларға қажеті қанша?

АСҚАР ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Қазір балабақшаларда логопед сынды қосымша сабақтар, үйірмелер жүргізіледі. Ал жеке кәсіпкерлер бөбекжайдың мекемесіне жөндеу жасап, хореография, сурет салу тағы да басқа қажетті үйірмелерді ашу арқылы, қосымша қаражат табады.Олар балабақша құнын қымбаттатпайды. 

Қоғам арасында да, әлеуметтік желіде де көптің қызу талқысына түскен балабақша мәселесі бүгінде өз шешімін тапқан жоқ. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан, қала басшысына әлеуметтік салаға жауп беретін орынбасарына  және қалалық білім бөлімінің басшыларына ескерту жариялау керек деген ұсыныс шығарды.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА БЛОК БЕКЕТТЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
20:47, 1 сәуір 2020
ПЕТРОПАВЛДА БЛОК БЕКЕТТЕР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...
«ҚАЗПОШТА» БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР
17:24, 1 сәуір 2020
«ҚАЗПОШТА» БӨЛІМШЕЛЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...