ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ - МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

18:00, 9 тамыз 2018

Петропавлда  кәмелетке толмаған балалардың заң бұзушылық әрекетіне байланысты сот төрелігі жұмысын жетілдіру және осал топтардың заң көмегін алуға қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.Семинар ұйымдастырушыларының көздегені заң бұзған  балалармен жұмыс істейтін мамандардың басын біріктіріп, олардың құқығының қорғалуы тұрғысында  үкіметке ұсыныс білдіру. Жиынға заң органдарының қызметкерлерімен қатар 60 маман қатысты.   

Қазақстанда кәмелет жасқа  толмағандарға қатысты сот төрелігінде тәжірибе мол, алайда құқық қорғау практикасы өкінішке орай ақсаңдап тұр. Яғни, балаларға психологиялық я материалдық тұрғыдан болсын, қолдау көрсету дәрежесі төмендеу. Бүгінгі жиынды  өткізіп жатқан мамандарда Алматы, Талдықорған  қалаларынан  келіп, семинарда осы мәселелер төңірегінде ой қозғады.Бұл жоба Қазақстанда 2 жылдан астам уақыт Еуро одақтың қолдауымен іске асырылуда.

ЖАНАР НҰРМҰХАНОВА, ӨҢІРЛІК ӘЙЕЛДЕРДІ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ

- Екі жылдың ішінде Қазақстанның 7 облысында болдық. Көптеген облыстарда балалардың құқығын қорғау, балаларға кеңес беру қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылуда.

Мамандардың айтуынша  кәмелетке толмаған балалардың заң бұзушылығына қатысты мәселелер  тек тиісті органдарға  ғана емес, сонымен қатар жасөспірімдермен жұмыс істейтін әлеуметтік қызмет өкілдері үшін де өте маңызды. Сондықтан мұндай кездесулер орта мектептердегі әлеуметтік педагогтар үшін жиі өткізілуі керек.

МАРИНА КОВАЛЕНКО – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ №14 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГЫ:

- Бүгінгі семинардың бізге, яғни балалармен жұмыс істейтін мамандарға тигізер пайдасы мол. Өйткені, бұл семинар ұйымдастырушылар халықаралық дейгейдегі мамандардан практика алып келген. Бізде халықаралық дейгейде өз білімімізді толықтырамыз. Жаңа енгізілген заңдар туралы мәлімет аламыз. Біздің мектептерде де кәмелетке толмаған балалармен көптеген жұмыстар жүргізіледі.

 Айта кететін жәйт, елімізде осы іске байланысты адвокаттар тек қана Алматы, Астана және Ақмола облыстарында ғана жұмыс істейді.Семинар барысында кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазалаудан босату, Қазақстанда осы істер жөніндегі сот төрелігін құру және ювеналды адвокаттардың жұмысы туралы нақтылап өтті. 

ЖАНСАЯ ҚАЙЫПОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
20:11, 16 желтоқсан 2018
ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ
Толығырақ...
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
20:08, 16 желтоқсан 2018
80-НЕН АСТАМ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...