ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БАЛЫҚТЫҢ ҚЫРЫЛУ СЕБЕБІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

13:07, 6 қыркүйек 2019

Жамбыл ауданындағы Толыбай көлінде тамыз айында жаппай балық қырылған болатын. Себебін анықтау мақсатында орман шаруашылығы әлемі инспекциясы мамандары мен экологтар қажетті зертханалық сараптамалар жүргізді.

Мамандардың мәліметінше, су мен балықтан алынған сынамада пестицид пен тұздың мөлшері артқан. «Салдарынан осындай келеңсіз жәйт тіркелді» дейді жауаптылар. Бүгінгі күні аталған іс құқық қорғау органдарына жіберілді. Ал қоршаған ортаға келтірілген шығын 200 мың теңге шамасында. Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының 20-сы күні Жамбыл ауданындағы  Толыбай көлінде жалпы салмағы 185 келі мөңке балығының өлекселері табылып, ол арнайы орында өртелген болатын. 

ЕЛДАР КӘКІБАЕВ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Ветеринарлық зертханада жүргізілген сараптама мен экологтардың қорытындысы шықты. Тексеріс барысында пестицид пен тұздың құрамы үш есеге дейін артқандығы белгілі болды. Қазір осы іске қатысты барлық материалдар облыстық табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді. Енді суға бұл зиянды заттардың қалай түскенідігін солар анықтайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар