ШҰҒЫЛ! ЕСІЛ АУДАНЫНА – 90 ЖЫЛ Толығырақ

БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

17:51, 17 шілде 2018

Шал ақын ауданның орталығында 18 пәтерлі екі баспананың құрылысы жүріп жатырОл үшін облыс бюджетінен 423 млн теңге бөлініпті. Қараша айында бір үйді қолданысқа беру жоспарда тұр. Пәтерде кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Қазіргі таңда аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде 216 азамат пәтер кезегінде тұр.

Мына екі үйдің құрлысын «Заңғар ЛТД» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда біреуінің қабырғалары көтеріліп, қараша айында қолданысқа берілмек. Пәтерлер  аудандық әкімдікте кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Олардың саны бүгінде 216 адам.

ШАРАП СӘДУӘҚАСОВШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ, ҚҰРЫЛЫС, ТКШ,ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Облыс бюджетінен  423 млн бөлінді. Оның 25 млн-ы былтыр қазан айында, жаңа жылға дейін игерілді. Биылға 200 млн. 1 бөлмелі 6 пәтерлі, 2 бөлмелі 12 пәтерлі. Соның біреуін биылға  жоспарлап отырмыз, тапсырамыз деп қараша айында.

РУСЛАН МАКАШЕВ, ГЛАВНЫЙ СПЕЦ. ОТДЕЛА

Екі қабатты тұрғын үйлерге коммуналдық-кәріздік жүйе толық  тартылады. Екі бөлмелі пәтерлердің ауданы жалпы 65 шаршы метр болса, бір бөлмелі баспананың ауданы 37 шаршы метрді құрайды.  Құрылысшылардың көпшлігі аудан мамандары.  Тек тас қалаушылардың бригадасы  яғни, 8 азамат  облыс орталығынан шақыртылыпты.

БАЛҒАТ ДҮЙСЕН, ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ ИНЖЕНЕРІ:

- Бізде 25 астам адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта сыртқы кірпішті қалап жатырмыз. Осы айдың аяғында шатырын жауып, терезе-есіктерін орнатып, уақытында бітіреміз деген ойымыз бар. Бәрі уақытымен графикқа байланысты жүргізіліп келе жатыр жұмыс. Қазандық, үйге жылу беретін, су тартылуы керек және де  подъезге кіретін жол, пандус болу керек.

Біраз жылдан бері ауданда баспана құрылысы тұралап қалған еді. Енді міне ауласы абаттандырылған,  тұрғындар үшін бар жағдай жасалған қос  баспана салынып жатыр. Бұл үрдісті келер жылы да жалғастыру ойда бар.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, баспана, құрылыс

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
13:35, 14 тамыз 2018
ПЕТРОПАВЛ ЖОЛДАРЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ӨҢДЕЛІП ЖАТЫР
Толығырақ...
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН  45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРАДЫ
13:30, 14 тамыз 2018
БИЫЛ Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНА ОҢТҮСТІКТЕН 45 ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАР...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар