ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

«БАСТАУ» ЖОБАСЫНА ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ

13:01, 21 ақпан 2020

Жеке кәсіп ашамын дегендерге ынталандыру бар. Мемлекет  жастарға 500 мың, ал 29 жастан асқандарға 200 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант береді. Осы күні кәсіпкерлер палатасы тұрғындардан бизнес жобаларды қабылдап жатыр. Грант наурыз айынан бастап бөлінеді.

Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған бизнес жобаларды қарастыратын комиссия жұмысын бастады. Бірінші өтініш Артем Подлобкодан түскен. Ол қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

АРТЕМ ПОДЛОБКО, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:

- Балалар мен ересектерге массаж жасаймын. «Бастау» жобасы бойынша былтыр өтініш тапсырғанмын. Қаражаттың тапшылығынан өтінішім осы жылға қалдырылды. Негізі маған массаж жасауға арналған тасымал құрылғы қажет. Соған 500 мың теңге сұрай келдім.   

Түрлі сала бойынша кәсіпкерлер палатасына солтүстікқазақстандықтардан 133 жоба түскен. Комиссия соның бәрін бір күнде қарап шықпақшы. Айтуларынша, ел қазынасынан бөлінген бірінші транш былтырғы жобаларға үлестіріледі.  

МАРАТ ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Барлығына бірдей грант таратпаймыз. Үміткерлерге қояр шартымыз бар. Олардың жобаларына нарықта сұраныс болуы қажет. Бизнес жобасы өзіне және отбасына табыс әкелуі тиіс.  Осы жағын бірінші кезекте ескереміз. 

Нарықтағы ахуалды кәсіпкерлер палатасынан артық ешкім білмейді. Себебі, олар іскер азаматтармен тікелей жұмыс жасап, бизнес қауымдастықта болып жатқан оқиғаларға мониторинг жасайды. Қайтарымсыз грантқа арналған екінші транш көктемде беріледі. Оған дейін комиссия қарауына жобаларды тапсыра беруге болады.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...