ШҰҒЫЛ! ҚР САЙЛАУ ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

БАСТЫ МАҚСАТ - ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

14:55, 19 шілде 2018

Қазіргі таңда елімізде туризмді дамыту мықтап қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстарға  біздің өңір де өз үлесін қосып отыр. Мәселен Шал ақын ауданында биыл жаңа демалыс базасы іске қосылды.  Ерке Есілдің жағалауында орналасқан «Beauty Land» демалыс орнының құрылысы 2017 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда жерлестеріміз бен сырттан келген қонақтарға арналған жатын орындары бар үйлер   қолданысқа беріліп, спорттық алаңдар жабдықталған. Сонымен қатар, алдағы уақытта мұнда 300 адамға шақталған тойхана да   салынбақ.  Облыстағы жаңа туризм ордасы туралы Гүлнәр Сайлауқызы тарқатады.

«Beauty Land»  туристік  базасы ауданда 2017 жылы салына басталды. Жоба  бойынша Есіл өзенінің жағалауында  демалушылар үшін 34 үй болады.  Екі футбол және волейбол алаңы ұйымдастырылған.  Қазіргі кезде құрылысы қарқын алған демалыс орнына келушілердің қатары қалың. Алыс-жақын шет елдің азаматтары  да Ерке өзеннің салқын суына шомылып және  Шал ақын ауданының табиғатын тамашалауда.

НҰРЛАН ЕСІМОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша біз ауданымызда туризмді дамыту мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Демалыс базасы соғылып жатыр. Былтыр бастадық.  Биылға таман 10 шақты үйді іске қосты.  Қазір қонақтарымыз келіп жатыр.  Ресейден келіп жатыр. Осы СҚО тұрғындары демалып жатыр.

Қазіргі таңда демалыс орнында екі қабатты бір үй, балықшалыр үшін 7 үй дайын. Монша да бар. Жазғы 10 бөлмеге жиһаздар орнатылып жатыр.  Жыл соңына дейін  1 дәмхананы іске қосу жоспарда бар. «Beauty Land»-те демалудың бағасы да қолжетімді. Екі қабатты үйді жалға алу тәулігіне 30 мың теңге болса,   бөлмелердегі орын адам басына 3 мың теңге.

ЖАСҰЛАН СӘДУӘҚАСОВ, БРИГАДИР:

- Биылдыққа 2 этажды, 1-ші этажы кафе кафе салып жатырмыз. Екінші этажында гостиница болады. 6 номерлі. Сосын 2 этажды үйден 4 үй салыптағы бір монша, сосын 300 адамдық тойхана салайын деп жатырмыз. Биылға жоспар. Бос орындар жоқ. Барлығы записьпен келіп жатыр. Алматыдан келіп жатқандар бар. Ресейден Украинадан келгендер бар. Грузия,Турцядан келгендер бар.

Құрылысқа бүгінге күнге дейін 200 млн теңгеден астам қаражат құйылды. Бұл серіктестіктің жеке қаржысы.  Мамыр айынан бастап туристік базаның қызметіне 500ден астам адам жүгінген. Айта кетерлігі жоспар бойынша,  демалыс орны қыс уақытында да жұмысын жалғастырады. Ол кезде мұнда бөлек  хоккей корты орнатылады. Коньки  мен шаңғы тебуге де жағдай жасалады. Қысы-жазы балық аулауға мүмкіндік бар.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар«Beauty Land» туристік базасы, Шал ақын ауданы. туризм

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар