ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ

17:16, 10 шілде 2020

Жоспарланған жұмыстар сәтімен жүзеге асырылуда.  Жартыжылдықта өңірге 108 млрд теңге инвестиция тартылДЫ. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, басым салаларда өсім бар.  Кейбіреуі, тіпті республикалық орта көрсеткіштен артық. Өңір жетекшісінің бастамасымен, көпсалалы аурухана құрылысы сынды батыл бастама қолға алынды.  Тұңғыш рет Айыртау ауданында жел паркі құрылады. Бірнеше ондаған ферма мен зауыттар іске қосылмақ.

Жартыжылдық аяқталды. Карантин режимі енгізілгелі бері үш айдан асты. Соған қарамастан, өңір бірте-бірте дамып жатыр. Басты салалар: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция, құрылыс және баспананы қолданысқа беру бағыттарында  өсім байқалады. Жоспардың барлығы қаржыландырылды деді Құмар Ақсақалов.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл басындағы облыс бюджеті бүгінгі күні 24 пайызға артып, 324 млрд. Теңгеге жетті. Алты айдың ішінде 62 млрд теңге тартылды.  Осының арқасында біз әлеуметтік жауапкершіліктерді орындап қана қоймай, инфрақұрылымдық жобаларды кезеңімен жүзеге асыруға мүмкіндік алдық. 

Басым салаларға тартылған инвестиция өткен жылдарға қарағанада анағұрлым жоғары.  Жартыжылда 108 млрд. теңге түскен. Ауыл шаруашылығына да көп көңіл бөлінуде.  Әртараптандыру, сүт-тауарлы фермаларының құрылысы мен терең өңдеудің үлесін арттыруға басымдық берілген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жыл сайын өңірімізде 20 сүт-тауарлы ферма айналымда болуы тиіс. Көптеп салынады. Бұл бағыттың болашағы бар. Тиісінше, сүтті өңдейтін зауыттардың өндіріс қуаттылығы бірнеше есеге артады. Өңірімізде ірімшік өндірісін жолға қою керек. 

Құрылыс жұмыстары ауқымды. Дені облыс орталығында. «Жас өркен» мөлтек ауданында 18, 16, 9 қабатты тұрғын үйлер тұрғызылмақ.  Бірнешеуінің құрылысы биыл басталады. Құмар Ақсақалов мәлімдегендей, «Қопай» ықшам ауданын жаңғыртуға қаражат бөлінді. Бескөл, Новоишимка, Явленкадағы бірнеше қабатты баспаналар биыл қолданысқа тапсырылады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Салынып жатқан әр үй өзінше әдемі, қайталанбас болуы керек.  Біркелкі баспаналар керек емес. 

Сондай-ақ, шаһар халқының артуына байланысты әлеуметтік маңызы бар нысандар көптеп салынуда. Мектеп, ауруханалар. «Береке» ықшам ауданында жаңа емхананың құрылысы басталады. Қар түскенше көпсалалы аурухананың қабырғалары қаланады. Темір жол вокзалы жаңа кейіпке енеді. 6 ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр. Дей тұрғанмен құрылыс саласында кадр тапшылығы өткір сезілуде. Материал сырттан тасылғандықтан қымбатқа түседі. Осы мәселені шешу мақсатында облысымызда екі бірдей кірпіш зауыты, фанера комбинаты іске қосылмақ. Осылайша, ішкі нарық сұранысының 30 пайызын қанағаттандырады. Түптеп алғанда, өндіріс саласына да мол инвестиция тартылуда. Тұралап, қаңырап қалған өндіріс ошақтары табыскер инвесторларға берілуде. 

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өңірде 73 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. 1,5 мың астам жұмыс орыны құрылады.  Класс комбайндарын, электр трансформаторларын өзімізде жинақтайтын боламыз. Өнімнің денін Ресейге экспорттау жоспарда бар. Қытай инвесторлары «Тайынша май» зайытының аумағын кеңейтіп, ауыл шаруашлығы өнімдерін терең өңдейтін желілерді іске қоспақшы.

Облыстағы қалайы, фолврам сынды пайдалы қазбаларды игеретін инвесторлар табылып отыр.  Өңір тарихында тұңғыш рет жел паркі құрылады. Ол Айыртау ауданында орналаспақ. Құмар Ақсақалов осы тектес ауқымды жобаларды көпке созбай, қысқа мерзімде жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
17:20, 7 тамыз 2020
СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
17:23, 4 тамыз 2020
ПОЛИЦЕЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДА
Толығырақ...
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
17:28, 4 тамыз 2020
ЖАҢА САЯБАҚТА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...