ШҰҒЫЛ! ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ БӘСЕҢСІМЕЙДІ Толығырақ

БАТЫРЛАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

13:01, 17 ақпан 2020

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл. 1979 жылы басталған соғысқа өңірімізден 1500 бозбала аттанды. Интернационалдық борышын өтеуге бел буған батырлардың 46-сы сол қан майданнан оралмады. Ал елге қайтқандардың біразы мүгедек болып қалды. Өткен демалыс күндері Петропавлда өзінің әскери мідетін атқарған жауынгерлерге құрмет көрсетіліп, жер жастанғандарының рухына тағзым етілді.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ, ТІЛШІ:

- Ауған соғысына қатысқандарды еске алып, олардың рухына тағзым ету жыл сайынғы дәтүр. Бірақ, биылғысы ерекше. Өйткені дәл бүгін 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толып отыр. Осы бір айтулы күнде майдангерлерді еске алу үшін олардың дос-жарандары, қарулас жолдары мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері келіп отыр.

Жақсылық Тасболатов Ауған жеріне 19 жасында аттанған. 1981 жылы Кеңес әскерінің қатарына еніп, шайқастардың бірінде жарақат алады. Айтуынша снаряд жарылып сынықтары денесі мен басын зақымдаған. Сөйтіп 1982 жылы госпитальге жеткізіліп, елге жаралы оралады.  Қазір екінші топтағы мүгедек. Жүріп тұруы қиын болсада бірге интернационалдық борышын өтеген жолдастарымен кездесіп, қан майданда қаза болған қарулас достарын еске алу үшін келіпті. Ардагер Ауғанда болған жайтты айта отырып көз жасын тия алмады.

 ЖАҚСЫЛЫҚ ТАСБОЛАТОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Жараланып, екі ай госпитальде жаттым. Бір ай Ташкентте, бір ай Ферғанада. Жағдайым оңалған соң қайтадан өзімнің әскери бөліміме оралдым. Бірақ ол жақтан соғысуға жарамайсың деп елге қайтарды. Соғысты еске алудың өзі қорқынышты. Ендігі тілеріміз соғыс болмасын, еліміз тыныш болсын.

Бүгінде өңірімізде 741 ауған соғысының ардагері бар. Оның 300-ден астамы қалада тұрады. Ал соғыс ошағында қаза тапқандардың саны 46. Интернационалдық борышын өтеген жерлестеріміздің ерлігі бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.

ЖОЛАМАН МҰХАММЕДЖАНОВ, СҚО АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ҰЙЫМЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мысалы біздің өзіміздің арамызда үлкен жігіттер бар, Балашов қызыл орденмен мараптталған. Шнайдер ол да сол қызыл орденмен марапатталған. Соның ішінде Жамбыл ауданында Дастанов Болат дейтін бар. ОСы жігіттердің Қызыл ордендері бар. Көп ондай батыр жігіттер.

Жалпы ауған соғысына Қазақстаннан 22 мың адам қатысты. Оның 900-ге жуығы оралмады. Бүгінде еліміз бойынша көзі тірі соғыс ардагердің  саны 14 мың. Жалпы біздің өңірден Ауғанға жөнелтілген жігіттердің басты миссиясы шекараның оңтүстігін қорғау болды. Бұл міндетті жерлестеріміз абыроймен атқара білді, қайсар мінез бен ерлік танытты. Солардың бірі Нұрлан Есмағамбетов. Ол 1985 жылы Өзбекістанның Терміз облысына жіберіліп, содан  Ауғанға аттанған. Екі жыл әскер қатарында барлаушы болыпты.

НҰРЛАН ЕСМАҒАМБЕТОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Шара барысында жиналғандар Ауған соғысы батырларының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Бүігде Ауған соғысының ардагерлеріне жан-жақты қолдау мен әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Мысалы, 2017 жылдан бастап бүгінге дейін олардың 16-сына пәтер беріліпті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Тағы бір айта кететін жайт биыл Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай интернационалдық борышын өтеген ардагерлерге  де сыйықы тағайындалмақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
17:18, 27 наурыз 2020
ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ТАПСЫРЫС ЖАСАЙТЫНДАР АРТТЫ
Толығырақ...