ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 8 ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН ӘКЕЛІНДІ Толығырақ

БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН 9 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

20:50, 13 тамыз 2020

Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және адамдарды ерекше белгілері бойынша іздестіру. Бейне бақылау камералары бүгінде тәртіп сақшыларының таптырмайтын көмекшісіне айналған. Олар тәулік бойы қалалық полицейлерге қылмыспен күресуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Облыстық Полиция департаментінің бейнематериалына назар аударайық.

«376»! Направляйтесь на вызов во вдоре дома распивают

 Полицияның 1300-ден астам бейне камерасы облыс бойынша күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Оның 410-ы облыс орталығында орналасқан. Жедел басқару орталығының инспектор-навигаторлары үш ауысымды режимде бейнекамералармен құқықтық тәртіпті бақылайды. Негізгі жүктеме облыс орталығындағы камераларға түскен. Олар арқылы тәулік бойы ондаған құқық бұзушылық пен қылмыс тіркеледі. Бейнематериал Полиция департаментінің серверлерінде 30 күн сақталады. Камерадағы бейнежазбалар ЖКО, көшедегі төбелес пен бұзақылық фактілері бойынша сотта қаралатын істердің соңғы нүктесін қоюға септігін тигізіп жатады.

ҚАНАТ ҚАСЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПБ ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 

Жедел басқару орталығының қала ішіндегі орналасқан бейнекамераларының көмегімен 9 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, негізінен – Жол жүрісі ережелері мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар. Сондай-ақ, осы мерзімде бейнебақылау камераларының көмегімен қала ішінде 108 қылмыс ашылды

Инспектор-навигаторлардан басқа мұнда «102» арнасының операторлары кезекшілік етеді. Жыл басынан олар 83 254 қоңырау қабылдады.

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:18, 26 қазан 2020
«AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...