ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

БЕЙНЕКАМЕРАЛАРДЫҢ ПАЙДАСЫ

17:56, 7 тамыз 2019

Үйлердің аулаларында, подъездерінде бейнекамералар орнататын тұрғындар қатары артты. Бұл камералардың қылмыстарды ашуда да көмегі зор. Әсіресе ұсақ бұзақылық жасағандарды, ұры-қарыны қолға түсіруде септігі мол. облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалынан көре аласыздар.

Петропавлдық полицейлер жыл басынан велосипед ұрлығының 68 фактісін ашты. Фактілердің көпшілігінде ұрланған мүлік заңды иелеріне қайтарылды.

НҰРДӘУЛЕТ ҚОРҒАНБЕК, ЖӘБІРЛЕНУШІ :

- Түс кезінде кеткенде барлығы дұрыс еді. Кешкісін үйге келгенде велосипедім орнында болмай шықты. Бірден полицияға хабарластым. Жігіттер жедел әрекет етіп, бір аптадан кейін велосипедімді қайтарып әкеліп берді.

Велосипед ұрлығы бүгінгі таңда маңызды проблемаға айналып отыр. Қазіргі уақытта олар үйлердің подъездерінен, аулалардан  жиі ұрлануда. Ұрылар үйлерге, тіпті домофонмен қорғалған подъездерге де әр түрлі айла-тәсілдермен кіреді. Ішке енген соң, қас қарайғанын күтіп, пәтер тонауы немесе баспалдақтардың астына қойылған мүліктерді қолды қылуы мүмкін.

- Вот так вот жильцы дома оставляют свои велосипеды, двухколёсный транспорт, в подъезде дома, в основном на первом этаже. Не только велосипеды, но и самокаты, коляски.

Мүліктерді сақтап қалуға кіреберістер мен үйлердің қабырғаларында тұрғындардың өздері орнатылған бейнекамералар көмектеседі. Тек шілде айында велосипед ұрлаудың екі фактісі ашылды. Қос дөңгелекті көліктерінің ұрланғанын иелері тек таңертең бір-ақ білген. Екі  қылмысты да  тәртіп сақшылары бейнежазбалардың арқасында «ізін суытпай» ашты.

ЖЕҢІСГҮЛ БЕЙСЕМБИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ: 

- Аталған қылмыстың ашылуына үйлерде және подъездердің ішінде орнатылған бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Сол себептен қала тұрғындарынан аталған орындарда бейнебақылау камераларын орнатуларыңызды сұраймыз.

Қалалық полицияның Жедел басқару орталығының 410 камерасы қозғалысы көп көшелердегі тәртіпті қадағалайды. Тағы 336 камера учаскелік полиция пункттеріне жалғанған. Инспекторлар бұл камералар арқылы аулаларды, шағын аудандарды бақылайды. Жыл басынан бейнебақылау камераларының көмегімен Петропавлда бес жүзден астам қылмыс ашылды.

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
18:00, 13 желтоқсан 2019
МӘМС БОЙЫНША ОБЛЫСТА 50 МЕКЕМЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:56, 13 желтоқсан 2019
ПЕТРОПАВЛДА ОТБАСЫЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...