ШҰҒЫЛ! «AGROKOMEK» ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ 60 ЖАСҚА ТОЛДЫ

20:37, 16 қазан 2020

Белгілі жазушы-журналист, Президент Грантының иегері, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Жақсыбай Самраттың  60 жасқа толды. Осыған орай Петропавлда ғылими-тәжірибелік конференция өтті. «Ұлттың абыройын ұлықтаған» атты шараға  қоғам қайраткерінің әріптестері, достары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерей той иегерін облыс әкімінің атынан оның орынбасары Ғани Нығметов құттықтап,  Жақсыбай Самратқа өңірдің дамуына, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

 ҒАНИ НЫҒЫМЕТОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Шығармашылық талантыңыз бен, еңбегіңіздің арқасында қызығы мен қиындығы бірдей журналистика саласында бүгінгі күнге дейін еңбек етесіз. Жақсыбай самратты облыс аумағына қаламы жүйрік журналист ретінде танытқан Абылайдың ақ үйіне қатысты еңбегі.  Қаламгер үйдің құжаттарын іздеп, Санкт-Петербург  пен Мәскеу қалаларына дейін барды.  Омбы қаласының архивтеріне сұрайлар жіберді.

Жақсыбай Самрат облысымыздың Есіл ауданының Тауағаш ауылының тумасы. Жастайынан шығармашылыққа жақын олның, облыстық «Ленин туы», республикалық «Ұлан» газетінде, «Жас алаш», «Азат», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде мақалалары мен әңгімелері  жиі жарияланып тұрды.  1993 жылдан бастап журналистикаға толығымен бет бұрып, бұқаралық ақпараттағы жұмысын Облыстық телерадиодан бастайды. Кейін «Егемен Қазақстан» газетіне саяси шолушы  ретінде Президенттің барлық сапарларын жазып отырды.  Мемлекет басшысының  жанында 10 жыл бойы қызмет атқарып, 30-ға жуық алыс-жақын шет елді аралады.  

САМАТ МҰСА, «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

- 2002 жылдан бері, «Егемен Қазақстанға» келгеннен қоян қолтық жұмыс істедік.  Мен ол кезде бас редактордың орынбасары едім.  Негізінен саясатқа бейім.  Парламенттің тілшісі болды.  Үлкен беделге ие болды.  Өзінің оң мінезімен, еңбекқолығымен танылды.

Жақсыбай Самрат оқырманға журналист ретінде ғана емес, жазушы ретінде де белгілі.  Оның «Бітеу жара», «Тауағаш деген ел едік», «Өзгеленді бұл ғалам», «Абылайдың ақ үйі» және тағы басқа еңбектері кітап болып жарық көрді. Бәрінде жазушының патриоттылығы айқын сезіледі.  

САБЫР ҚАСЫМОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ:

- Мен Жақсыбай Самратты ұлтының алдында адал, таза, ұлтжанды азамат деп санаймын. .... 2-3 романы бар.  Бірнеше повесті  бар. Талай мақаласы бар.  10 томдық шығармалары шықты.  Соның ішінде ең негізгі тақырыбы  ұлтының намысын, ұлтының мүддесін ұлтының құқығын қорғау

Жақсыбай Самрат көп жылдық еңбегі барысында талай жоғары наградалар мен атаққа ие болды.  Президент Грантының иегері, Мәдениет қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, Журналист одағы сыйлығының лауреаты, Есіл ауданының құрметті азаматы, Жазушылар одағының мүшесі атанды. Алайда Жақсыбай Самрат үшін ең басты награда - оқырмандарының бағасы мен жылы лебізі. 

ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ, ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ:

Салтанатты жиында, мерей той иесінің көп жылдық еңбегі, ел дамуына қосқан үлесі жайында көп айтылып, құттықтаулар жолданды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:20, 23 қазан 2020
ҮЗДІК ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:41, 21 қазан 2020
БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
13:05, 23 қазан 2020
БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
20:40, 22 қазан 2020
ӨҢІР ДӘРІГЕРЛЕРІ КОВИД-19 ВИРУСЫНЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
20:37, 22 қазан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ
Толығырақ...