ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ Толығырақ

БИАТЛОННАН ЧЕМПИОНАТ

13:03, 17 шілде 2019

Петропавлда 23 мен 26 шілде аралығында биатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді. Облыс атынан турнирға 30 –ға жуық спортшы қатыспақ. Қатысушылар  жылдамдық пен дәлдікке сынасатын болады. Жерлестеріміздің дайындығы қалай? Арна тілшілері біліп келді

Қатысушылар белгілі бір қашықтықты жүгіріп өткеннен соң, бес нысанаға оқ ату керек. Ал спортшылардың жеңісі  олардың дәлдеп атуына және қанша уақыт ішінде жүктелген тапсырманы аяқтағанына байланысты.

Петропавлда биатлоннан Қазақстан чемпионаты осымен 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның тұрақты қатысушыларының бірі – Игорь Ильин. Ол өз командасымен бірге қызу дайындық үстінде.  Оның айтуынша, жыл санап қатысушылар саны да артып келеді екен.

ИГОРЬ ИЛЬИН, СҚО БИАТЛОННАН БАС ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Чемпионат 2000-2001, 2002-2003, 2004-2005 жылғы жастар мен жасөспірімдер арасында ӨТЕДІ. Осы жылы Қазақстанда  алғаш рет пневматикалық биатлон өткізілмек.  Спортшылар алғашқы кубокқа сайысатын болады. Ал пневматикалық биатлонда  2007, 2008, 2009 және одан кіші балалар қатысады. Пневматика бұл біріншіден қауіпсіз. Сондықтан қарапайым жағдайларда да өткізуге болады.

Биатлоннан ел чемпионатына қатысу  әрбір спортшы  үшін жауапты сәт.Сондықтан да, бұл сайысқа өте тыңғылықты дайындаламыз дейді қатысушылар.   

РУСЛАН АТАЕВ, СПОРТШЫ:

- Биатлонмен 5 жылдан бері айналысамын. Спорт шебері атағына да ие болдым. Өткен жылы Қазақстан чемпионатында біріншіә және үшінші орын иеленген болатынмын. Ал биыл одан да жақсы нәтиже көрсетсем деймін.

АЛЕНА ЖИТНИКОВА, СПОРТШЫ:

- Бұл спорт түріне  14 жасымнан бері қатысамын. Дайындығымыз өте жақсы. Бар күшімізді салып жатырмыз.

 Жылдам жүгіру, шаңғы  роллермен  сырғанау және белгілі нысанға дәлдікпен оқ ату. Бұл Чемпионатта спортшыларға жүктелетін міндет. Жаттықтырушылардың айтуынша, жерлес спортшыларымыз әрқашан үздіктер қатарынан көрінеді екен.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
18:00, 24 қаңтар 2020
БАЛАБАҚША МӘСЕЛЕСІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
17:58, 24 қаңтар 2020
«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕР
Толығырақ...
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
13:05, 24 қаңтар 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН ЖОЛДА ҚАЛҒАН 224 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...