Орақ науқаны аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы ЖӘНЕ жер қатынастары басқармасы мамандары ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүгінде 2,7 млн гектар жерге егілген дәнді және бұршақ дәндес дақылдардың 91 проценті орылды. Қамбаға түскен өнім 4 млн тоннадан асты. Орташа гектар берекелігі 14,8 центнерді құрап отыр.
Биыл ауа райының ыстық болуына байланысты астық ерте пісті. Сондықтан облыстың диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарын ерте бастады. Орақ науқанында Есіл, Қызылжар аудандары көш бастап келеді. картоп жинау жұмыстары да қыза түсті. Бүгінде 30,5 мың гектардан 459 мың тоннадан астам өнім жиналды. Әр гектардан 150,2 центнерден картоп алынып жатыр.
ЖАННА ЖАНЗАҚ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
- Орақ науқанында Есіл және Қызылжар аудандары дәнді дақылдарды жинаудан алда келеді. Бұл аудандардың аграрийлерімен егіннің 95,5 пайызы орылды. Тимирязев диқандары алқаптың 95 процентінде күзгі жиын-терім жұмыстарын аяқтады. Майлы дақылдарға келер болсақ, 651 мың гектар жері, яғни себілген егіннің 71 проценті орылды. Гектар берекелігі 8,2 центнерді құрады.