ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БИЛЕТСІЗ ЖҮРУ ТЫЙЫЛМАЙ ТҰР

18:04, 19 қыркүйек 2019

Елімізде поездарда   билетсіз жүру  тыйылмай тұр. Сондай-ақ, алып-сатарлардың  да асығы алшысынан түскен кез.  Мұндай жағдайды облыстағы теміржол көлігінде де кездестіруге болады. Сол себепті, өткен аптада «Адал жол» жобалық тобының мүшелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының өкілдері теміржол бекеттерінде қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Оның нәтижесінде бірнеше заң бұзушылықтар анықталды. Толығырақ Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Қаладағы теміржол вокзалында бармақ басты, көз қысты фактілер тыйылмай тұр. Арнайы жүргізілген мониторинг барысында қыркүйектің 13-і күні екі заң бұзушылық анықталған. Біріншісі- «Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар поезына билет алып-сатарлар арқылы саудаланса, ал екіншісі – билетсіз  жолға шыққандар.  

АЛЕКСАНДР БОДУНОВСКИЙ, АРНАЙЫ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
 

- Жолсерік жолаушыны билетсіз поезға кіргізіп, 8 мың теңге көлемінде ақша алды. Қазір аталған заңбұзушылық материалдары тиісті органдарға жіберілді. Билетсіз мінген жолаушы, құпия тұтынушы болатын. Кейін ол Смирнов станциясында түсіп қалды .

Заңды бұзған жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тіпті, ол алдағы уақытта жұмыстан да шығарылуы мүмкін.

МАНАРБЕК ЫБРАЕВ, СҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
 

- Жыл басынан бері 30 жолаушы поезі тексерілді. Нәтижесінде 8 адамның билетсіз жүргені анықталды. Жалпы, 12 хаттама толтырылды.

Билетсіз жүру, жолсеріктердің ақша алып, заңсыз жолаушы алуы немесе билетті алып-сатарлардың бар-жоғын мамандар өтініш-арыз түскен жағдайда ғана тексеріп отырамыз дейді. Сондықтан делдалдармен күрес әлі жалғасын табатын сыңайлы.


Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар