ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР КӨП

20:40, 16 қаңтар 2020

Былтыр облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 104 заң бұзушылық тіркелген. Оның 11-і  мемлекеттік сатып алуға қатысты.  Шығын көлемі 580 миллион теңгеден асқан. Бұл туралы жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік бағдарламалар әкімшілері үшін ұйымдастырылған семинар-кеңесте белгілі болды. Тақырыпты арна тілшісі Нұрбол Балғабеков сабақтасын.

Биыл облыста мемлекеттік сатып алуға 145 млрд астам теңге бөлінбек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Сондай-ақ, шығыстар көлемі 32% - ке ұлғайды. Бір көзден сатып алу тәсілі де екі есеге қысқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысы Ернар Баянғазиннің сөзінше, мемлекеттік сатып алу саласында көбіне жалған акт жазу, техникалық арнайы сипаттама жасау және  тапсырыс алушылардың нақты біреуіне басымдық беру сынды заң бұзшылықтар тіркеледі.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

«Казводхоз» филиалының директоры қандай да бір жұмыстарды орындау туралы шарт жасайды. Бірақ тапсырыс беруші жүктелген міндеттемелерді іс жүзінде орындамайды, Кейін, басшы онымен  сөз байласып, бюджет қаражатын талан-таражға салады. Оның нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 6 млн теңгеден асты.»

Жалпы, былтыр өңірде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 104 заң бұзушылық анықталған. Оның 11-і мемлекеттік сатып алуға қатысты. Әсіресе, білім саласында заң бұзушылықтар көп.

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Мәселен, мемлекеттік сатып алулар бойынша хабарламада Мамлют санитарлық мектеп интернатында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1,9 млн теңге көрсетілген. Бұл ретте олар бізге 1 млн теңге жұмсалғанын айтып сендірді. Әрине, бюджет үшін мұндай үнемділік жақсы.  Бірақ, екі айдан кейін шарттың сомасы екі есеге артқан. Бұндай заң бұзушылықтарды жою үшін барымызды салып жұмыс істейтін боламыз. 

Айта кету қажет, барлық анықталған деректер мемлекеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберіледі.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН
20:36, 26 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ 92 ЕЛДІ МЕКЕНІН СУ БАСУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
СОҒЫСТА ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН 108 ЖАУЫНГЕРДІҢ ЕСІМІ АНЫҚТАЛДЫ
17:55, 26 ақпан 2020
СОҒЫСТА ХАБАРСЫЗ КЕТКЕН 108 ЖАУЫНГЕРДІҢ ЕСІМІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:57, 24 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...