ШҰҒЫЛ! ОҢАЙ БАЙЛАНЫС ОРНАДЫ Толығырақ

#BIRGE АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

21:10, 13 мамыр 2019

13-інші мамырдан бастап  солтүстікқазақстанда «Birge» жалпыұлттық акциясы басталды. Аталмыш науқанды «Nur Otan» партиясынан президентікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың штабы жүзеге асырып отыр. Бүгін оқушылар сарайында брифинг өтіп, оған үміткердің сенім білдірген адамдары мен облыстың белсенді жастары қатысты.

Мамырдың 13-нен бастап «Nur Otan» партиясынан президентікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев «Birge» жалпыұлттық акциясын жариялады.Аталмыш науқан сайлаушылардың ұсыныстары мен тіліктерін жинау және талдау үшін арналған. Ол облыстың белсенді жастары мен кандидаттың сенім білдірген адамдары арқылы жүзеге асырылады.

ЕВГЕНИЙ ГЛОТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Birge» акциясы біздің үгіт-насихат науқанымыздың басым бағыттарының бірі болуға және Президенттікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтардың тікелей қатысуы арқылы жақтастарды тартуға бағытталған. Алдағы жылдары Елбасы қуатты әрі табысты қазақстанның дамуына бағытталған стратегиялық бағытын тиімді іске асыру мемлекеттік органдардың жұмысындағы негізгі басымдық болуы тиіс, деп санаймын. Осы міндет үсітнде біз тыңбай еңбек етуіміз қажет.

Ұсыныстар жинау үшін облыста 15 қоғамдық қабылдауы құрылды. Сонымен қатар, әр адам өз тілегін республикалық қоғамдық қабылдау ресми сайтында және Президенттікке үміткердің арнайы ресми парақшасында да  қалдыра алады. «Жас Отан»  жастар қанаты «Есіктен есікке» акциясын іске қосты.

АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛА, «JAS OTAN» ЖҚ СҚФ ТӨРАҒАСЫ:

- «Team Kazakhstan» жастар штабы әлеуметтік желілер арқылы жастармен белсенді түрде жұмыс істей бастады. Барлығы сайлау алдындағы науқанның жаңалығын сезінуі тиіс. Әрбір адам өз елінің болашағына немқұрайлы қарамауы керек.

Айта кету қажет «Birge» жалпы ұлттық акциясы маусымның 7-іне дейін жалғасады.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

Тақырып бойынша материалдар

АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
17:57, 17 шілде 2019
АВТОМАТТАНДЫРУ – СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖАҚСАРТУДЫҢ АМАЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...