ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТАЙЫНША АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ Толығырақ

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ

18:08, 16 қыркүйек 2019

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігінің қолдауымен "Бірге - Таза Қазақстан"акциясы өтті. Оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "Қазтелерадио", "Қазақтелеком" және "Мемлекеттік радиожиілік қызметі"ведомстволық бағынысты бірнеше ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

"Бірге - Таза Қазақстан" науқаны жалпыұлттық сипатқа ие болды. Еліміздің әр түкпірінде оның өткізілуіне қолдау көрсетілді. Бұл жолы акцияға қатысушылар Мещан орманын тазартуға шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат елдегі экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.

ЕРКІН ЖҰМАБАЙ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МК КЕАҚ СҚО БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Облыс бойынша бұл науқанға 400-ден аса адам қатысып жатыр. Аудандық филиалдар да ат салысты.  Шараның арқасында түрлі ұлт және әртүрлі мамандық иелері бас қосып, бірігіп игі іс жасап жатыр. Біз Мешан орманын қоқыстан тазартатын боламыз. Осылайша еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға септігімізді тигізіп, жас буынға үлгі көрсетпекпіз.

Акцияға қатысушылар орманды қоқыстан тазартып,жинады.

ДИНАРА ХОДЖАЕВА, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САТУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ:

Әрине біз бұл науқанға бейжай қарай алмадық. Керісінше, өзімізде атсалысуға асықтық. Себебі, қала тазалығы  - тікелей оның тұрғындарына байланысты.

Петропавл қаласы бойынша акцияға барлығы 200 адам қатысты. Олар 3 тонна қоқыс жинап, 10000 шаршы метр аумақты тазартты.

Тақырып бойынша материалдар

ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫНА ДЕМЕУҚАРЖЫ БАР
17:24, 26 мамыр 2020
ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒЫНДАРЫНА ДЕМЕУҚАРЖЫ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
13:04, 22 мамыр 2020
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 207 МЛН ТЕҢГЕ ҮСТЕМЕАҚЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...