ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

#BIRGE#TAZAQAZAQSTAN

20:33, 12 тамыз 2019

Өткен демалыс күндері Петропавлдың 1000ға жуық тұрғыны  «Бірге-Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Сенбілік нәтижесінде 300ге жуық көл мен су қоймасы тазартылып, қала сыртына бірнеше тонна қоқыс шығарылды.   

Өңірді қоқыстан тазартуға солтүстікқазақстандықтар белсене ат салысуда. «Бірге-таза Қазақстан» акциясына еліміздің барлық облыстары қолдау көрсетуде. Республикалық акция аясында СҚО осымен 3-ші рет таза сенбілік өткізілді.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ТҚШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

- Бүгін  қаламызда сенбіліктер жалғасуда. Бүгін қалалық және облыстық әкімдіктің 1000-нан астам қызметкері қаланың ішіндегі және қаланың сыртындағы жұмыстарға жұмылдырылған. Шөптерді жұлу, жиектер тазарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Осы жолы «Бірге-таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікте қала сыртына ерекше көңіл бөлінді. Грин парк демалыс орны, әуежай маңынан қатты тұрмыстық қалдық жиналып, шығарылды.  

САЙРАН ИСПАНДЬЯРОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бірге-таза Қазақстан» акциясы аясында біз білім бөлімінің қызметкерлері сенбілікке шықтық. Қалалық әкімдіктің барлық бөлімі қатысып жатыр. Бұл акцияны қолдаймыз. Өйткені  бұл біздің қаламыз, біздің үйіміз. Гашек көшесінен Пролетарский көшесіне дейін тазартуымыз керек. Білім бөлімінен 25 адам қатысып жатыр.

Айта кетейік, республикалық акция жаз мезгілінің соңына дейін, әр демалыс күндері өткізілетін болады. 

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар