ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

БИЫЛ 500 ЖІГІТ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА АЛЫНАДЫ

18:01, 6 қыркүйек 2019

«Ел тірегі» атты республикалық акция басталды. Мақсат – күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанын жүзеге асыру. Жылдың басында 547 солтүстікқазақстандық Қарулы күштер қатарын толықтырса, алдағы күзгі шақырылымнан соң  500 жігіт Қазақстанның түкпір-түкпірінде Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс.

Жыл басынан әскерге 547 азамат жөнелтілді, бұл 91 % құрап отыр. Жоспар бойынша 600 солтүстікқазазақстандық  әскер қатарына алыну тиіс еді.  Бармай қалғандардың ішінде негізінен Петропавл қаласы мен Айыртау ауданының жігіттері көп, олар өз міндеттерін атқаруға асығар емес.

АЙДОС РЫСҚҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫ:

Жалпы өңіріміздің аудандары әскерге көктемгі шақырту бойынша жұмыстарды қанағаттанарлық түрде аяқтады. Алайда, Петропавл қаласы мен Айыртау ауданы өздеріне жүктелген міндеттерді толықтай орындай алмаған. Бүгінгі күні Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарманың әскерге шақырылуға жататын 2739 адамның ресурсы болса, Айыртау ауданында 137 адам бар. Сонымен қатар, көктемгі әскерге шақыртудың нәтижесінде 1 адам денсаулығының жарамсыздығына яғни журек ауруына байланысты кері қайтарылды. 

Мамандардың айтуынша, жігіттердің көпшілігінің денсаулығы нашар немесе физикалық тұрғыдан әлсіз болып келеді. Сондықтан, жыл сайын Отан алдында борышын өтеймін деушілердің қатары азайып барады.

ТАЛҒАТ ӘЛІҚҰЛОВ, СҚО ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Медициналық куәландыруды сапасыз жүргізу фактілері кездеседі. Салдарынан эпилепсия, гемофилия, шизофрения, ішкі ағзалардың туа біткен ауытқуларына шалдыққан азаматтар әскерге шақыртылған. Сонымен қатар, Қарулы күштер қатарына алынған жас сарбаздардың психологиясымен жұмыс істеуде маманның міндеті аса зор. Бұл әскердегі өзіне-өзі қол салудың алдын-алуға сеп болады.

Әскери борыштарың өтеуден жалтаратындар да баршылық. Олар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Әскерден қашып жүрген жігіттерді жергілікті полиция қызметкерлері іздестіруде. Күзгі шақырылым қыркүйектің бірі басталды. Ол желтоқсан айының соңына дейін жалғаспақ.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ШАРТ
20:30, 5 қараша 2019
ОНЛАЙН БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАНЫ ОРНАТУ ШАРТ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
21:05, 6 қараша 2019
СОЦИАЛЬНАЯ ПОМОЩЬ ДОЛЖНА БЫТЬ СТАБИЛЬНОЙ
Толығырақ...
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
17:58, 5 қараша 2019
«ҚЫС - 2019» КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Толығырақ...