ШҰҒЫЛ! ПАНДЕМИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ Толығырақ

БИЫЛ ОБЛЫСТА 52 ЕГІЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

13:05, 23 қазан 2020

Облыста биыл 52 егіз бала дүние есігін ашып, бір үшем өмірге келді. Бірге тумақ бар, бірге жүрмек жоқ. Алайда Петропавлда бір саланы таңдап, бірге жемісті еңбек етіп жүрген егіздер бар екен. Әріптесім Аманжол Нұртазиннің бейнематериалына назар аударайық.

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ТІЛШІ:

Өңірде шамамен әр алпысыншы жүкті келіншек егіз туады екен. Егіздерден бір қарағанда ұқсастықты көргенмен, олардың бойында, салмағында, мінезінде, тіпті жүріс-тұрысында да айырмашылықтар болуы мүмкін.   Сондықтан олардың дені өмірде екі бөлек жол таңдайды. Алайда егіздердің арасында бір кәсіпті таңдап, иық тірестіре жұмыс істеп жүргендер де бар.

Осындай егіздердің бірі - Бекеновтар. Ағайындылар өз өмірлерін құтқару қызметіне арнады. Сыңардың бірі - Айтуар, 3-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істейді. Кезекшілікке түскен күні ол ұжымның дайындығын тексеріп,  нұсқаулар береді. Оның сыңары Айтуған да басшылық қызметте. Айтуған 2-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде еңбек етеді. Бір көргенде егіздерді ажырату қиын.

АЙТУАР БЕКЕНОВ, № 3 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз інім екеуміз бірдей, бір-бірімізге ұқсас деп ойлайды көбі. Бірақ, мінезіміз, тұрыс-жүрісіміз, өмірге көз қарасымыз әр түрлі. Шыны керек енді.

АЙТУҒАН БЕКЕНОВ,  № 2 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 - Барлық таныстарымыз бізді айыра алады. Алыстан да, жақыннан да. Бірінші рет көргендерге айыру қиын. /02-42/ 03-12/Бірақ бір шешімге келу үшін ақылдасымыз бірге. Бұрыс-дұрысты айырып бір мәмлеге келеміз. Ең бастысы біз ұйымшылмыз./

Ал Алтынгүл Арынғазиева мен Бақытгүл Қасенова ювеналды полицияда қызмет етіп жүр. Егіздердің бұл салада жүргендеріне 24 жыл. ОЛар өмірде де, жұмыста да бірге. Қазір әрқайсысының өз отбасы бар. Бөлек тұрса да, әрқашан бір-бірін іздейді.

АЛТЫНГҮЛ АРЫНҒАЗИЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Бір тәуліктің ішінде сіңлімді көрмесем, оны іздей бастаймын. Міндетте түрде, қоңырау шалып, дауысын естуім қажет.

БАҚЫТГҮЛ ҚАСЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Әрине, егіздердің қызметтес болуында айтарлықтай оң тұстар баршылық. Егер маған көмек қажет болса, мен әпкемнің жәрдеміне жүгінемін. Ол қашанда қолұшын созуға даяр тұрады. Оған керек кезде мен оған көмекке келем. Кішентай кезімізден бері бір түрлі киім кидік. Полицияға орналасқан соң да, бірдей формада жүрміз. Жасыратыны жоқ, тіпті, жас кезімізде егіз екенімізді де пайдаландық. Әрине, қызметте емес.

Қос инспектор да кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеп, табысты еңбек етіп келеді.  Жыл басынан бері егіздер жалпы 37 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.  

АМАНЖОЛ НҰРТАЗИН, ТІЛШІ:

Қазақстан егіздерді өмірге алып келуі жөнінен әлемде 48-ші орында. Көш басында Нигерия тұр. Онда әрбір 22-ші адамға бір егізден келеді екен. Жер шарының 4-тен бір бөлігін құрайтын Қытай соңғы орынға жайғасыпты. Біздің облыста биыл 52 егіз, 1 үшем дүниеге келді.

Аманжол НҰРТАЗИН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
20:40, 24 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ 93 % ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
17:21, 24 қараша 2020
ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
17:15, 19 қараша 2020
ПЕТРОПАВЛДА 186 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
20:35, 19 қараша 2020
ОБЛЫСТА 606 ЖЕРГЕ ҚОҚЫС ЗАҢСЫЗ ТАСТАЛҒАН
Толығырақ...
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
20:35, 20 қараша 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 85 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...