ШҰҒЫЛ! КӨКШЕТАУДЫҢ КӨРКЕЙГЕНІ – ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗДЫ Толығырақ

БИЫЛ ӨҢІРДЕ 700 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

17:56, 1 тамыз 2019

Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысында автомобиль жолдарын жөндеуге -37 миллард теңге бағытталды. Мұндай қаражат бұл салаға бұрын-соңды бөлінбеген. Өйткені өңірде жергілікті жолдардың жартысына жуығы сын көтермейді. Ал, жергілікті билік аталған мәселені кезең-кезеңмен шешуді жоспарлап отыр.

Жолдың жағдайын жүргеннен сұра демекші, Мамлютка қаласының тұрғыны Илья Ульянов облыс орталығына күніне екі рет қатынайды. Небәрі 40 шақырымды «1,5 сағат дегенде жүріп өтем»- дейді ол. Ал ойдым-ойдым жол жүргізушінің көлігін ғана емес, жүйкесін де тоздырған.

ИЛЬЯ УЛЬЯНОВ, ЖҮРГІЗУШІ:

- Ескі көлігім күнде сынатын. Қашықтық алыс болмаса да қалаға жеткенше мазамыз кететін. Өйткені жолдың сапасы нащар еді. Міне біртіндеп жөндеп жатыр. Қуаныштымыз. Ал пайдалануға берілген учаскелерде әлі күнге дейін жылдамдықиы сағатына 60 шақырымнан асырмау керек деген белгілер тұр.  Енді соны алып тастаса дейміз.

Қолға алынған ең үлкен жобалардың қатарында «Петропавл – Қорған» және «Тайынша - Чкалова» бағытындағы тас жолдар бар. Екеуіде  өткен ғасырдың 60 жылдарынан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сәтін салса, олар келер жылы толықтай пайдалануға беріледі.  Солтүстік Қазақстан облысы елімізде автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы бойынша үшінші орында. Дегенменде бүгінгі күні олардың 40% жөндеуді қажет етеді. Сондықтан жергілікті билік өкілдері бұл мәселені кезең-кезеңмен шешпек. Биыл мамандар 700 шақырымнан астам жол жөнделетіндігін айтады. Ал оның 587-шақырымы - жергілікті маңызы бар жолдар. Жұмыстар барлық аудандарда қолға алынды.

ҒАЛЫМ ТАСБОЛАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АЖ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- 37 миллиард қаражат бөлініп жатыр. Ол барлық бюджеттен. Республикалық, облыстық бюджет. Сол 2017 жылмен салыстырғанда бөлінген қаражат екі есеге көбейді. Сол бөлінген қаражат аясында 700 шақырым жолда жұмыс атқарылады.

Өңірде 2021 жылға дейін жолдарды 73%-ке дейінжақсарту көзделіп отыр. Ол үшінСолтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында бұл салаға 62 миллиард теңге бағытталмақ.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
20:55, 14 қараша 2019
СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ С.ДҮЙСЕНОВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
13:07, 12 қараша 2019
ТҮМЕНДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА 200 КІТАП СЫЙҒА БЕРІЛДІ
Толығырақ...