ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ПЕТРОПАВЛДА «BIZ BIRGEMIZ! NUR OTAN» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

17:19, 20 наурыз 2020

Наурыздың 18-і күні елімізде республикалық «Біз біргеміз!» акциясы басталды. Бұл науқан аясында «Жас отан» ЖҚ мүшелері жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында жалғызілікті қарттар мен тұрмысы төмен отбасылардың,  мүгедектердің үйлеріне барып, оларды қажетті азық-түлікпен, сондай-ақ, түрлі антисептикалық, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіп жатыр. Сондай-ақ волонтерлер коронавирустың алдын алу және күресу тәсілдері туралы түсіндіруде.Тақырыпты әріптесім жалғастырады. 

Нұротандықтар әзірлеген азық-түлік пакетіне қарақұмық, күріш, ұн, қант, күнбағыс майы, сондай-ақ тәттілер енді. Қайырымдылық іс-шарасы «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында жүзеге асырылады.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Өзіміздің облысымыздағы кәсіпкерлерді, жеке бизнесті, осы акцияны қолдауға шақырамыз. Егер де олар жалғызілікті ардагерлерге, көпбалалы аналарға осындай қолдау жасаймыз десе, біздің партияның филиалына келіп, немесе арнайы счетқа қаржы аударуларына болады.»

«Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы, соңдай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі жалғызілікті қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлді. Бұдан басқа, партияның Солтүстік Қазақстан облыстық және аумақтық филиалдарының қызметкерлері осындай қажеттіліктерге өздерінің бір күндік еңбекақысын аудару туралы шешім қабылдады.

ВЕРОНИКА АКИНЬШИНА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Мен 5 жыл бойы үйден шықпаймын. Бұл  жаңалық жайында теледидар арықылы естіген едім. Бірақ, маған келіп көмектеседі деп үш ұйықтасам да түсіме кірмеген еді. Алғысым шексіз.»

Жалпы, Петропавлда барлығы 380 отбасы азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бұл жұмыстар мереке күндері облыс аудандарында да жалғаспақ.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар