ШҰҒЫЛ! КОРОНАВИРУСТАН ЕМДЕЛГЕНДЕР 10 МЫҢҒА ЖУЫҚТАДЫ Толығырақ

БИЗНЕСКЕ ЗАҢСЫЗ АРАЛАСҚАНДАР 8 ЖЫЛҒА ДЕЙІН СОТТАЛАДЫ

17:15, 14 қаңтар 2021

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлері бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылады. Президент өзінің Қыркүйек айындағы халыққа арнаған жолдауында, мемлектттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, не болмаса кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылданады, деп атап өткен болатын. Бұл жолдаудан соң, жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне түрлі мәселелерімен 84 кәсіпкер жүгінген.

1 қыркүйек мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдауда пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырған еді. Мәселен, бұрын Қылмыстық кодекстің 376-бабының 2 бөлігінде 50 АЕК аса пара беру қылмысы үшін, ең жоғарғы санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылған еді. Енді..

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын бостауға тыйым салу және қауіпсіздіні төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Қылмыстық топпен, немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, не болмаса парақорлықпен бірнеше рет ұсталған азаматтарға да дәл осындай жаза қолданылған.  Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру мерзімінен басқа, айыппұл мөлшеріде өскен. Мәселен, егер адам 100 мың тг пара бергені үшін сотталса, ең төменгі сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2млн тг құрайды. Сол сияқты «үшінші» адам арқылы пара бергендер үшін де айұппыл 2 есеге өскен. Мемлекет басшысының жолдауында бизнеске заңсыз араласқаны үшін жазаны қатаңдату керек екендігін атап өткен болатын..

ЕРНАР БАЯНҒАЗИН, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араналасқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолдну қаупі бар. Құқық қолрғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауды одан да қатаң жазаға, яғни 8 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

2020 жылы департамент шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың 10 фактісін анықтаған. Жалпы, СҚО өткен жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 17 адам, оның ішінде 96 млн. теңге сомасына 12 адам айыппұлға сотталған.

Жанбота ЕСТАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
20:40, 26 қаңтар 2021
​ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БІР АЙДА 60 ӨРТ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
1 АҚПАННАН  ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
17:15, 26 қаңтар 2021
1 АҚПАННАН ЕСКІ БАНКНОТАЛАР АЙНАЛЫМНАН ШЫҒАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
13:04, 21 қаңтар 2021
СОҢҒЫ ТӘУЛІКТЕ ОБЛЫСТА 78 АДАМ КОРОНОВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРСЫ
17:19, 21 қаңтар 2021
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ VII ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ...
Толығырақ...