ШҰҒЫЛ! АҚОРДАДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ Толығырақ

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

20:45, 5 қыркүйек 2019

Өңірде жауапкершілігі мол агроқұрылымдар жетерлік. Қазіргі таңда бизнес иелері болашағы жоқ елді мекендерден жұмыс күшін тартып, ауыл еңбеккерлерін жайлы баспанамен, жыл 12 ай тұрақты еңбекпен қамтуда.  Алайда, мұнымен кадр тапшылы мәселесін түбегейлі шешу мүмкін болмай  тұр. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұған инфрақұрылымның жоқтығы басты себеп болып отыр. Жас мамандар жол азабын тартып, таза ауыз су тапшылығын сезінгісі келмейді. 

Новомихаиловка селосы болашағы зор елді мекендердің қатарында. Барлығы 800 адам тұрады. Халықтың 18 пайызы «Новомихайловское-2003» серіктестігінде жұмыс істейді. Аталмыш компания 2003 жылы құрылды. Содан бері халықтың жағдайын жасап келеді. Тапқан табыстарының елеулі бөлігін әлеуметтік салаға жұмсайды.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Мен болашағы жоқ көршілес Қатанай ауылынан механизаторларды өзім тұратын Новомихайловкаға біржола көшіріп алдым. Жұмысшыларымнан айырылып қалмас үшін, жаңа үй тұрғызып бердім. Баспананы өздері қалағандай етіп тұрғыздық. Ішіндегі бөлмелері мен терезе жақтаулары кең. Үйдің маңында таза ауыз су сақтайтын үлкен ыдыс пен септигі бар. 

Елді мекенде тұрмысты сапалы етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін емес. Осы мақсатта қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы жалғасын табады. Бағдарламаны жүзеге асыруға алдағы үш жыл ішінде 120 миллиард теңге бөлінбек.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады. Қаржының жұмсалуы барлық мемлекеттік органдардың қатаң бақылауында болуы тиіс.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, «НОВОМИХАЙЛОВСКОЕ-2003» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Президент болашағы бар елді мекендерге қаражат молынан жұмсалады деді. Бұл сөз көңіліме қуаныш ұялатты. Новомихайловка селосы әлі күнге дейін орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған. Жергілікті халыққа суды біз жеткізіп береміз. Бұған жұмсалатын қаражат аз емес. Жергілікті әкімдік су мәселесін шешеміз деп уәде берді. Облыс, аудан орталықтарымен жалғайтын күре жолдарды жөндеу қажет.Барлық мәселе -жолға келіп тіреледі. Жол болмаса, ауылдың жағдайы оңалмайды. 

Президент санаға сіңген масылдықтан арылып, бизнеске бет бұруға шақырады. Осылайша, табысы аз отбасылар өзіне және өзгеге пайдасын тигізсе дейді. Нақтылап айтқанда, жеке кәсіпкер өзі пайда көріп қана қоймай, тұрғындарды тұрақты  еңбекпен қамтып, жұмыссыздар санын азайтуға септеседі. Сонымен қатар, мемлекетке салық төлеп,  жергілікті бюджетті нығайтуға көмектеседі.  

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
13:13, 15 қазан 2019
БОГОЛЮБОВО СЕЛОСЫНДА ҮЙ ӨРТЕНІП КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар