ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» – 2 ЖЫЛ

15:02, 15 сәуір 2019

Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялағанына биыл  2 жыл. Елбасы елдің болашағын айқындайтын 6 бағытты айқындап берген еді. Олар: «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі»,  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім». Бұл мақсаттар мен міндеттер Қазақстанның түкпір-түкпірінде, нақтырақ айтқанда біздің облыста қаншалықты орындалып жатыр?! Келесі бейнематериалдан көріңіздер

2017 жылы 12 сәуірдеТұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жарияланды. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия алдағы атқарар істі мұқият пысықтады. Сонымен қатар Қазақстанның әр өңірінде комиссия құрылып, жобалау кеңсесі ашылған еді.  Олар мақалада көрсетілген бағыттар бойынша нақты жұмыстардың істелуін бақылайды.

ЖАНАР ТАЛАСПАЕВА,  ӨҢІРЛІК «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ ПРОФЕССОРЫ:

- Міне осы жылы 3 мамырда біздің өңірімізде «РЖ» жобалау офисі құрылған болатын. Осы кезде 29 адамнан тұратын эксперттік комиссия құрылды. Бұл эксперттік комиссия құрамында қоғамдық қайраткерлер, мәдниет қайраткерлері, университет ғалымдары мен оқытушылары, тб біздің өңіріміздің көзқарақты азаматтары осы комиссияның құрамында отыр.  Комиссияның атқаратын жұмысы өңірімізде атқарылатын қызметі жобалар мен іс шаралардың осы бағдарламаның мақсат міндеттеріне сай, сол туралы ойларын білдіріп, жалпы бағдарламаның аясында, кіші бағдарламалар аясында біздің өңірде көптеген іс-шаралар іске асырылды

Латын әліпбиіне көшу - қоғамдық сананы жаңғырту идеясының негіздерінің бірі. Екі жыл ішінде  Солтүстік Қазақстан облысында  500-ден астам түрлі форматтағы  іс-шаралар өткізілді. С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап  кітапханасында  латын әліпбиін зерттеу орталығы ашылды. Осы тақырыпта конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып келеді. «100 жаңа оқулық» бағыты аясында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өңірдегі бірден бір ЖОО –ға қазақ тіліне аударылған әлем әдебиетінің 18 туындысының  3546  данасы түскен. «Туған жер – туған ел» бағыты бойынша  былтыр 16 қазанда қалаға кіреберісте Қазақ халқының көрнекті  қайраткері, қолбасшысы, Қожаберген жырауға арналған ескерткіш ашылды. Бес арысымыздың бірі, жерлесіміз, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай, ақынның туған жері СҚО Сарытомар ауылына торқалы той  өтті.

СӘУЛЕ КЕРЕЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ЖОБАЛЫҚ  КЕҢСЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:

- Осы «тәрбие және білімге» тек қана оқушылар емес, студенттер, оқушыларымыз, сонымен қатар, бұгінгі, тіпті сәбилерден бастау дегесін, балабақшаларда да осы бағдарлама бойынша іс-шаралар өткізілуде. Ең үлкен жоба 550 оқушы былтырғы жылы қамтылды. «Бабадан қалған мұраның-мұражай сақтап тұрады» деген жоба.  Колледждер бізбен бірге жұмыс істейді. Өткен жылы ақын М.Жұмабаевтың 125 орай көп жұмыс атқарған болатын. Соынмен бірге өнер колледжі де, біздің студенттер елдің болашағы жастарда екенін жақсы түсінеді. Сондықтан әр мамандық ие бүгін сапалы білім алуға тиісті. Соның барлығы осы мақалада жазылған.

Рухани жаңғыруға бағытталған жұмыстардың бір парасы «Туған жер» бағдарламасы аясында қолға алынған ауқымды жоба «Қазақстанның киелі жерлері географиясы». Қызылжар өңірінде қасиетті орындар тізіміне 6 нысан енген: «Абылай хан резиденциясы» музейлік кешені, Қарасай мен Ағынтай  батырлардың мемориалды кешендері, Ботай қонысы, Қожаберген батыр мен Құлсары батырдың  кесенелері. Айғаным қонысы. 

РАҚАТ МАМБЕТАЛИНОВ, АРХИВ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ұлттық маңызы бар киелі нысандар бойынша көпфункционалды виртуалды карта мен жалпыхалықтық киелі нысандардың кейбірінің 3Д моделі жасалды. Мәселен, сіз үйден шықпай-ақ Айыртау ауданында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенін 360 градусқа, яғни толықтай көруге мүмкіндік аласыз.  СҚО аумағы үлкен болмағанымен, киелі жерлер бір-бірінен алшақ орналасқан. Және алыс жолға шығу бәрінің бірдей қолынан келе бермейді. Сондықтан, облысымыздағы киелі жерлерді танытып, көрсету мақсатында интеративтік карта жасалды.

Облыс бойынша тек 2018 жылдың ішінде барлығы 2 млрд-тан аса теңгені құрайтын 198 жоба мен іс-шара жүзеге асырылған. Жалпы мақала аясында екі жыл ішінде өңірде  800-ден аса іс-шара ұйымдастырылды.  

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
17:53, 25 сәуір 2019
ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...