ШҰҒЫЛ! ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2019 Толығырақ

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

17:58, 13 тамыз 2019

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына биыл 2 жыл.  Бағдарламаның басты мақсаты,   қоғамға рухани серпіліс беріп, заман көшін алға тарту еді. Сол уақыттан бері өңірде көптеген арнайы іс-шаралар мен  жобалар  қолға алынды.  Мәселен, осы жарты жылдың өзінде  өңірімізде 3000нан астам іс-шара ұйымдастырылып,  244 млн теңгеге 78 жоба жүзеге асты.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  өңірімізде көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, бағдарлама 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Соның бірі-  Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы. Осы бағыт аясында СҚО киелі нысандарының  картасыда пайда болды. Оған өңірдің 25 мәдени-тарихи ескерткіші кірді. Оның 7-еу Петроавлда, ал 18-і аудандан орталықтарында орналасқан.Биыл олардың қатарына тағы 8-ін енгізу ұсынылып отыр.

 РАҚАТ МӘМБЕТАЛИНОВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірде  ауқымды жобалар  қолға алынған.  Ұлттық маңызы бар киелі нысандар бойынша көпфункционалды виртуалды карта мен жалпыхалықтық киелі нысандардың кейбірінің 3Д моделі жасалды. Мәселен, сіз үйден шықпай-ақ Айыртау ауданында  орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенін 360 градусқа бұрып, толықтай көруге мүмкіндік аласыз.Киелі нысандарды цифрландыру жұмыстары әліә де жалғасуда. Бүгінгі күні сакралды орындарға 90нан астам QR-коды бар белгі орнатылды. Сол арқылы туристер барлық мәліметтеді біле алады.

Сондай-ақ киелі нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Мәселен, өткен жылы «Қарасай мен Ағынтай мемориалды кешені жөнделсе, ал биыл Сырымбет қонысына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

ЭЛЬМИРА ТАНАҚҰЛОВА, СҚО ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Жалпы бағдарламаға  біздің өңірде жақсы қолдау көрсетіледі.Өңіріміздің тарихын таныту мақсатында облыс әкімінің бастамасымен «Мен музейге барамын» акциясы да ұйымдастырылды. Соның арқасында барлық тарихи мұражайларға кіру тегін болды. Осы жарты жыл ішінде 3000 нан астам іс-шара өткізілді, тағы 197 шараны өткізу жоспарымызда бар.

Айта кетейік, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық телеарналар мен газет журналдардан 2017-2018 жылдары 9900  мақала, 3600 сюжет пен 170 бағдарлама шығарылыпты. Ал әлеуметтік желілер арқылы 11000 ақпарат жарияланған. Биыл  республикалық деңгейдегі  60 бейнематериал көрерменге жол тартқан.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар