ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБАСЫНА АРНАЛҒАН МОНУМЕНТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Толығырақ

БОРАНДА АДАСҚАН ЖАСӨСПІРІМ ТАБЫЛДЫ

18:01, 17 қаңтар 2020

16 қаңтар күні сағат 21-50 шамасында ТЖ департаментіне 2003 жылы туған  Ақмола облысының азаматы жоғалып кетті деген хабар келіп түскен. 16 жастағы жасөспірім сағат кешкі сегіз жарым кезінде  Ғабит Мүсірепов ауданы Чистополье ауылына жетпей рейістік автобустан түсіп қалыпты. Ал бет алған елдімекені аялдамадан  30 шақырым жерде орналасқан Моховское ауылы екен. Автобус жүргізушісінің хабарлауынша, бала автобустан түскен бетте оны автокөлікпен қарсы алатындығын айтқан. Алайда боранға  байланысты ешкім оны күтіп алмаған.  

ЕРІК САРЫБАЕВ, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Барлық жергілікті атқарушы органдар, ПД қызметкрелері, сонымен қатар тжд қызметкрелері көтеріліп, іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде түнгі 2 сағат шамасында ол азамат табылды. Медициналық көмекті қажет етпеді және де бүгін таңертең ата-аналарына тапсырылды. Түсіп қалғаннан кейін боранның көтерілуіне байланысты жолдың қай жаққа жүруінен адасып қалған, бірақ бір жақсы жағдайы негізгі автокөлік жолынан шығып кетпепті.

Жыл басынан ТЖД қызметкерлері облыс жолдарында 16 апаттық-құтқару жұмысын жүргізген. Құтқарылғандардың саны 120 адам, оның ішінде 14-і бала. 29 жеңіл көлік пен 2 жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ  АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20:49, 3 шілде 2020
БІР ТОП СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
20:48, 3 шілде 2020
ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА 380-нен АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ҚАЖЕТ
Толығырақ...
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ  САҚТАЛУЫ ТИІС  ТАЛАПТАР
20:45, 3 шілде 2020
ЖАНАЗА НАМАЗЫ МЕН ҚҰДАЙЫ АС КЕЗІНДЕ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
20:31, 29 маусым 2020
ПРЕЗИДЕНТ БІРНЕШЕ ӘКІМГЕ СӨГІС ЖАРИЯЛАДЫ
Толығырақ...