ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

БОРЫШКЕРЛЕР ІЗДЕЛУДЕ

18:10, 12 шілде 2019

Облыстың  әкімшілік полицейлері екікүндік «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеуде. Төленгенбеген әкімшілік айыппұлдары бар адамдарды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылуда.

Осы жылдың 6 айында СҚО-да сомасы 274 миллион 964 мың теңге болатын 74 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Өндіріп алу 70 пайызды құрады. Аталған жұмыстың аясында полицейлер айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргендерді анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде өткізеді. Инспекторлар «Жол приставы» мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенінің көмегімен автокөлік ағынына мониторинг жүргізеді. Борышкердің көлігі камераның көру аймағына түскен кезде, компьютер көлік иесінде төленбеген берешегінің бар-жоғын анықтайды. Инспекторлар машинаны тоқтатып, көлік иесін деректер базасы бойынша тексереді. 

- Аталған автобустың жүргізушісіне 21 мамырда қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынған. Қысқартылған өндіріс бойынша төлеу мерзімі өтіп кеткен. Жалпы сомасы 5 мың 50 теңгені құрайды. Материал сот орындаушыларда, сондықтан біз машинаны арнайы тұраққа қоя аламыз.

Айыппұлды төлеу уақытын созып жүрген жүргізушілерге полицейлер заманауи төлем жасаудың тәртібі мен «жағымды жақтарын» рет-ретімен түсіндіреді. Төлеуден жалтарып жүргендер үшін «жағымсыз жағы» - борышкердің елден шығуына тыйым салынған.

ҚАЙРАТ СЕЙІТҚҰЛОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫ:

Жұмыс тиімділігін арттыру үшін «Жол приставы» автокешенінен басқа борышкерлерді ақпараттандыру мақсатында полицейлер борышкерлерге берешегінің бары туралы SMS хабарламасын жібереді. Жыл басынан осындай 6 мың хабарлама таратылған. Жалпы, соңғы жарты жылда Әкімшілік полиция басқармасы «Борышкер» операциясының 10 кезеңін өткізген. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ  1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
18:05, 19 шілде 2019
АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРАТЫНДАР САНЫ 1,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...