ШҰҒЫЛ! ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БІРЛЕСЕ ҚАРАЛАДЫ Толығырақ

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БАР

13:05, 10 желтоқсан 2019

Облыстық сотта 20 бос жұмыс орыны бар. Сондықтан жоғарғы сот тарапынан аталмыш салаға қажетті кадрларды тарту мақсатында конкурс өтіп жатыр.

Бүгінде өңірде 19 аудандық және 5 қалалық, сондай-ақ облыстық сот бар. Оларда 302 маман қызмет етеді. Соның өзінде бұл салада да маман жетіспеушігі бар, дейді облыстық соттар әкімшілігінің жетекшісі Оян Мүтәлапов. Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте аталмыш салаға қажетті мамандарды тарту мақсатында ұйымдастырылған конкурс жайлы айтылып, судья атанғысы келетін азаматтарға қойылатын бірқатар талаптар жарияланды.

ОЯН МҮТӘЛЯПОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ӘКІМШІЛІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мамандардың декретке және қызметінде өсуіне, отбасылық жағдайларға байланысты тұрғылықты жерін ауыстыруына байланысты мемлекеттік қызмет саласы мен сот жүйесінде 20 бос жұмыс орыны пайда болды. Сондықтан конкурс жарияланды. Жұмысқа тұрғысы келетін азаматтар бірнеше емтихан тапсыруылары қажет. Сонымен қатар ағылшын, француз немесе неміс тілін білулері міндетті.

Жұмысқа қабылданған судьялар еңбек өтілдеріне қарай тағылымдамадан өтеді. Сот жүйесі мамандарының еңбекақылары жаман емес. Мысалы бірнеше жылдық еңбек өтілі бар судьялар 270 - 280 мың теңге көлемінде табыс тапса, кеңсе меңгерушілеріне 115 пен 120 мың теңге шамасында айлық төленеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
13:03, 23 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КАЗИНО АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
13:04, 21 қаңтар 2020
ӘБУ ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ СҮЙЕГІ ТУҒАН ТОПЫРАҒЫНА ӘКЕЛІНЕДІ
Толығырақ...