ШҰҒЫЛ! БАСЫМ САЛАЛАРҒА ИНВЕСТИЦИЯ МОЛЫНАН ТАРТЫЛДЫ Толығырақ

БОСТАНДЫҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ БАР...

17:18, 29 маусым 2020

Мамлют ауданында  қарапайым университет оқытушысы туған ауылында үй сала бастады. Ерлік Мұхамеджанов інісімен бірге оңтүстіктен көшіп келетін отбасылар үшін 10–нан астам баспана тұрғызып бермек. Олардың бұл қадамға баруына не түрткі болды? Тілшіміз жалғастырады.

Ерлік Мұхамеджанов Бостандық ауылында туып өсті. Қазір Петропавлда тұрады. Университетте оқытушы. Бірақ туған елін ұмытқан емес. Өткен жылы ол інісімен бірге қарызға ақша алып, үй сала бастады.

ЕРЛІК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Ініммен бірігіп, бұл жағдайды қалай өзгертуге болады? Ауылымызға қалай көмектесе аламыз деген ойға келдік. Содан өткен жылы осындай бағдарлама барын естіп, бірден қатысайық дедік. Жеке инвестор таптық. Өткен жылы алғашқы 2 үйді тұрғыздық. Биылғы жоспарымыз тағы 10 үй көтеру, бұйыртса. Және медициналық пункт.

Бұл үйлерге оңтүстіктен көшіп келген отбасылар қоныстанады. Бірінде астаналықтар тұрып жатыр. Ал, Айнұр Полатова 3 баласымен Түркістан облысынан табан тіреді.

 АЙНҰР ПОЛАТОВА, БОСТАНДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бұл жерге келгенімде жақсы қарсы алды. Жаңа баспана берді. Табиғаты да өте керемет. Тамаша. Қатты ұнап қалды маған. Барлығы жақсы. Барлығы жақсы қарсы алды мені. 3 баламмен баспанаға кірдім.

Бостандық – қаймағы бұзылмаған қазақы ауыл. Соңғы жылдары елді мекенде оқушылар азайып, тұрғындарды 11 жылдың мектептің мәселесі мазалаған еді. Енді оның орнын оңтүстіктің балалары толтырады. Білім ордасы да жөнделетін болды.

 БЕРІК ЖҰҚЫШЕВ, АНДРЕЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Биыл 69 млн. теңге ақша бөлінді капитальный ремонт мектепке. Еще котельный істейді мектепке. Су өткізді мектепке. Кісілерге су өткізді. Уличный освещение. Жолдың освещениесін бәрін істейміз. Жол істеп жатыр мұнда биыл.

Жергілікті жұрт көшіп келген отбасыларды құшақ жая қарсы алды. Осылайша Ерліктің ісі – оңтүстік пен солтүстік арасындағы көпірге айналды

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
17:26, 10 шілде 2020
ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОЙЛАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
20:40, 7 шілде 2020
ӨРТ САЛДАРЫНАН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҮЙІНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Толығырақ...