ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ПОРТРЕТІ Толығырақ

«БОТАЙ» МУЗЕЙ-ҚОРЫНЫҢ ДАМУЫ

20:41, 19 тамыз 2019

Айыртау ауданындағы  «Ботай» қонысы 40 жылға жуық уақыт бойы зерттеліп келеді. Осы уақыт аралығында ғалымдар б.з.д. 4 ғасырға жататын  200-ден аса артефактіні тапқан. Ал, былтыр «Ботай»  мұражай-қорығы өз жұмысын бастады. Енді қазба жұмыстары қалай жүргізіледі, археолог мамандар нені мақсат етіп отыр? Арна тілшісінің бейнематериалынан біле алсыздар.

Ботай археологиялық ескерткішін  1980 жылы тараих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт ашты.  39 жылдың ішінде 200 –ден аса құнды жәдігер пен жүздеген қоныс табылған. Қазба жұмыстарына әлем елдерінің студенттері мен оқушылары қатысқан. Қоныстағы қазба жұмыстарын одан әрі жалғастыру үшін былтыр «Ботай» музей-қорығы ашылды.  

УӘЛИХАН ҚҰЛБАЕВ, «БОТАЙ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Біз бір ғана жыл еңбек етіп жатырмыз. Барлығымыз білеміз 80 жылдары ашлыған 39 жылдай қазба жұмыстар жүрп жатып. Экспонаттар барлығы бар. Биыл бірінші рет қазбаға қатысып жатырмыз. Құдай бұйыртса Ботайды барлық әлемге, таныстыратын күшіміз бар, енді алдымыздағы жылдары центр салайын деп жатырмыз.

Ботай қонысында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарының аумағы 20 га-дан асады. Мұнда Ұлыбритания, Франция, Литва,Дания және АҚШ елдерінің ғалымдары келіп, қазба жұмыстарын жүргізген. Қазақстандық ғалымдар, биыл ботайлықтардың қоныс  үйлерін қайта тұрғызу үстінде. Бұл жұмыстар болшақта ашық аспан астында мүзей жасауға өз септігін тигізбек. Зерттеу жұмыстарынан ботайлықтардың ауа райына бейімделгені анықталды. Ертедегі адамдар 6 мың жыл бұрын қыстың қақаған аязадарына төтеп беретіндей әдіс-тәсілдер ойлап тапқан екен.

ВИКТОР ЗАЙБЕРТ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

- Ботайлықтар қарапайым тоқылған мата қолданған. Яғни, бұл, қазіргі таңда бүкіл әлемге белгілі болған киіз үйдің қабырғаларын қаптап, жерге төсеуге қолданылған. Олар, осылайша үйді жылытқан. ал, тақтайлармен жабылған қабырғалар үйдегі жылуды жүз пайыз ұстап тұрған.

 Қазақстандық археологтардың сөзінше жабайы жылқы біздің облыста қолға үйретілген, бұған Ботай қонысынан табылған мал сүйектері айқын дәлел.

МҰРАТ НҰРЫШЕВ, Л. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОФЕССОРЫ:

- Біз дәлелдесек, бізге туристік поток өте көбейер еді. Неге десеңіз бәрі қызығушылық танытады, жылқы малы. Жылқы малы өте ерекше, шет мемлекетте керемет Араб, ағылшын елдерінде, америка елдерінде өте қызығушылық танытуда. Біз жоғары рейтінгті Нейшенл журналына берейін деп жатырмыз.  Бұған дейін фрагменті дәлелдеп келдік, путы, тұсау, құрық.

Сонымен қатар, шара барысында, «Ботай мәдениетінің сакралды мәнмәтіні» атты кітаптың тұсау кесуі өтті. Бұл еңбекке, қазақстандық ғалымдардың Ботай қонысына қатысты 40 жылда атқарған  жұмыстары енгізілген.  

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
18:09, 20 қыркүйек 2019
ПЕТРОПАВЛДА «1000 БӨРІК» КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Толығырақ...
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
18:03, 20 қыркүйек 2019
«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
18:08, 16 қыркүйек 2019
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ ӨТТІ
Толығырақ...