ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

17:22, 30 шілде 2020

Елімізде коронавирусқа байланысты құрбандық қашықтан шалынады. Оны бәріміз білеміз. Жақында  Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері өңір аумағында Құрбан айт мерекесі күндері коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында бұқаралық іс-шараларды өткізуге  тыйым салу туралы қаулыға қол қойған болатын. Ережені елемегендерге қандай шара қолданылады? Әріптесім Нұрбол Балғабеков тарқатсын.

Шілденің 31-і мен тамыздың 2-і аралығында өңірдің бас санитар дәрігері Серікбай Қасмақасовтың қаулысына сәйкес барлық ұйымда, тұрғын үйде мен мешітте адам көп жиналатын мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Құрбандық  Алланың үйінде немесе арнайы орында шалынбайды. Сондай-ақ, мал сатуға да болмайды. Себебі биыл бұл үрдіс қашықтан жүргізіліп жатыр. Ол үшін арнайы жоба  іске қосылды. Құрбандық шалушылар өтінішін qurban2020.kz сайтында бере алады.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Құрбандыққа шалынатын малды сою тәртібі жалып режимде тек онлайн тапсырыс және жеткізім бойынша бөгде адамдардың қатысуынсыз жүргізіледі. Мұқтаж адамдарға құрбандыққа шалынатын малдың етін тасымалдау және сақтау кезінде санитариялық эпидемиологиялық ережелер талаптарын орындалуын және жұмысқа тартылатын адамдар және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету қажет.»

Ертеңнен бастап мониторинг топ мүшелері рейд шараларын күшейтеді. Ережеге бағынбағандарға әкімішілік хаттама толтырылып айыппұл салынады.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- «Айыппұл салынады. 425-ші баптың 1-ші тармағы бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК, бизнес субъектілеріне 230 АЕК 1600 АЕК дейін айыппұл салынады.»

Тек шілденінің 5-інен бастап ережені елемеген жеке тұлғалар мен бизнес субъектілеріне 65 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:35, 3 тамыз 2020
«ҚЫЗЫЛЖАР – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар