ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ Толығырақ

«BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

18:03, 20 қыркүйек 2019

Облысымызда «BUSINESS-LADY QAZAQSTAN» республикалық байқауынының өңірлік кезеңі қорытындыланды.  Кәсібін дөңгелетіп отырған 7 нәзік жанды сынға түсті. Үміткердің арасынан дараланып шыққан тұлғаны келесі бейне материалымызда біле аласыз.

Үміткерлердің жасына және кәсіп түріне шектеу қойылған жоқ. Ең бастысы,  бизнестегі нәзік жандар өз ісінің маманы екенін дәлелдеу керек болды.   Сайыстың басында  табысқа жету жолындағы қиындықтары мен жеңістерін баяндап берді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау іскер әйелдердің қоғамдағы беделін арттыру мақсатымен өткізілді. 

СӘУЛЕ ҚАЙСАР, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ :

-Мен осы байқау арқылы кәсіпкерлерге қолдау білдіруді мақсат тұттым. Көпшілікке мол табыс пен жетістікке қалай жеткенін айтсын дедім. Бұл жандар жеке бизнесін ашу арқылы көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау 3 кезеңнен тұрды.  Қыз-келіншектер өмір сүру салты мен бизнесі жайлы бейнеролик түсіріп, қазылардың назарына ұсынды.  Байқауға қатысқан Наталья Алексееваның жеке фирмасы бар.

НАТАЛЬЯ АЛЕКСЕЕВА, БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ :

-34 жылдық тәжірибем бар. Есепшілерді басқарамын. Фирманы  қыздарыммен қосылып аштым. Ол 10 жылдан артық жұмыс істеп тұр. 

Екінші кезеңде келіншектер білім көкжиегінің кең екенін дәлелдеді. Журналистер, шоумен тағы да басқа халық назарында жүретін танымал тұлғалардың сұрақтарына жауап берді. Бұл сынақтан Нина Предеина да ойдағыдай өтті. Жерлесіміздің сәнқойларды, модельдарды дайындайтын мектебі бар. 

НИНА ПРЕДЕИНА,  БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫСЫ :

-Маған байқау қатты ұнады. Осындай конкурс жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Байқау барысында басқалармен деңгейімді салыстырдым.  Кателіктерімді байқадым. 

Үшінші кезеңде үміткерлер шығармашылықтан сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі номинацияда марапатталды.  Көптің ішінен Дина Мұхамбетжанова дараланып шықты. Нәзік жанды қараша айында өңір намысын астанада болатын республикалық кезеңде қорғамақ. 

Берік ҚАСЕН

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар