ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

ЧЕКТІ ТАЛАП ЕТ ТЕ, СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!

21:18, 10 қазан 2018

«Чекті талап ет те-сыйлық ұтып ал!» акциясы әлі жалғасуда. Облыста қыркүйек айының нәтижесі бойынша 16460 чек келіп түсіп, генератор арқылы 3 жеңімпаз бағалы сыйлықтарға ие болды.

Акция осы жылдың мамыр айында басталған болатын. Мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру. Шараға қатысу үшін Вайпон мобильдік қосымшасын жүктеп, чектің фотосуретін жіберу қажет. Жеңімпаздар генератор арқылы анықталады. Ақтық финалы  жылдың соңында, желтоқсан айында Астана қаласында өткізілемек. Бас жүлде- автомобиль. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша Аққайың, Жамбыл, Петропавл қаласының тұрғындары жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтарға ие болды.  

МАЙРАМКҮЛ ӘБІЛМӘЖІНОВА, АКЦИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ:

- Мен өзім Жамбыл ауданынанмын. Бұл акция туралы газеттен оқып білдім. Чек жинап қатыстым.

СӘЛИМА РАМАЗАНОВА, СҚО КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

- Біз бүгін «Чекті талап етте-сыйлық ұтып ал!» акциясының қыркүйек айының нәтижесін шығардық. Аққайың ауданының азаматы 900 чек, Жамбыл ауданының тұрғыны 800 және Петропавлдық қатысушы 100 чек жіберіп, жеңіске жетті. Айта кетейік, бұл акция екі деңгейде өткізіледі. Біріншісі облыстық болса, ал екіншісі республикалық.

Тақырып бойынша материалдар

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН  ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
17:52, 20 ақпан 2019
АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ЕСІРТКІ САУДАЛАП КЕЛГЕН САЙТ ЖАБЫЛДЫ
20:36, 19 ақпан 2019
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ АРАЛАСУЫНАН КЕЙІН ЕСІРТКІ САУДАЛАП КЕЛГЕН САЙ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...