ШҰҒЫЛ! САЯСИ КЕҢЕСТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ Толығырақ

ЧЕМПИОНДАР ОРАЛДЫ

20:36, 4 шілде 2019

27-30 маусымда Алматы қаласында жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты өтті. Турнирде облыс намысын бес спортшы қорғап, 1 алтын,1 күміс,  2 қоланы жеңіп алды. Жеңімпаздармен әріптесім тілдесіп қайтты.

Алтын медаль - тынымсыз жаттығулардың, шаршау мен тердің жиынтығы дейді, әскери институттың 2 курс студенті Ержан Әбікеев. Қоян-қолтық күресімен екі жыл шынығып келеді. Чемпионатта 55 келі салмағында бес жекпе-жек өткізген спортшының, асығы алшысынан түсіп ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды. 

ЕРЖАН ӘБІКЕЕВ, ЧЕМПИОН:

Ең қиын бой ол –бірінші бой болып саналады ғой, әрқашанда адамға көп әсер әкеледі. Себебі біріншіден қиын болады. Екіншіден адамда волнение деген болады ғой, ал есте қалатын бой ол финалдық белдесу, өзімді көрсетуге тырыстым, және көрсете алдым деп есептеуге болады, өйткені жекпе-жекте уақытынан бұрын аяқтадым.

Спортшы тамыз айында өтетін әлем чемпионатына жолдама алДЫ. Жалпы турнирде СҚО намысын бес спортшы қорғап, төртеуі жүлделі орындармен оралды. Айта кету қажет, барлық спортшылар ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының курсанттары. Дәстүрлі түрде өткізілетін, қоян-қолтық ұрысынан ҚР чемпионаты 9 салмақ дәржесінде жеңімпаздарды анықтады.

МИРАС БІРІМЖАНОВ, СҚО ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:

- Қаржы мәселелеріне байланысты құрама толық бармай, тек бес спортшы облыс намысын қорғап келді. Дегенмен, түрлі салмақ дәрежесінде 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жеңіп, жақсы нәтиже көрсеттік. Айта кету қажет, чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 120-ға жуық спортшы қатысты.

Ерден Нұрланұлы мен Ержан Әбікеев әлем чемпионатында облыс пен ел намысын қорғамақ. Ол үшін спортшылар қызу дайындық үстінде.  Бұл чемпионат тамыз айында Алматы қаласында өтпек. Мұнда 6 елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Жанбота СЕНТАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТОЛҒАТҚАН ӘЙЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ЖЕТКІЗДІ
18:01, 22 тамыз 2019
ПОЛИЦЕЙЛЕР ТОЛҒАТҚАН ӘЙЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНАҒА ЖЕТКІЗДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
17:56, 20 тамыз 2019
САЯЖАЙ ӨНІМІ БАЗАРЛАРДА САТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...